АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛАТЫН БОЛАДЫ

0
60

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату қағидатына сәйкес, Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өткен жылы өңіріміздің бірнеше аудан-қала әкімдері мен кәсіпкерлері көршілес Қытай еліне арнайы іссапармен барып қайтқан болатын. Сол ретте Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов ҚХР Шаньдун провинциясында болып, бірнеше өндіріс орындарын аралап, достық, іскерлік қатынас орнату мақсатында келіссөздер жүргізіп қайтқан еді.

Аталмыш ынтымақтастық келісімдер аясында биыл көктемде Түркістан облысы Қазығұрт ауданы осы өлкенің Гаотанг уезімен достық мемерандумға қол қойды. Іскерлік әріптестіктің алғашқы қадамын Шандунь өлкесінің ең ірі ауыл шаруашылық техникаларын өндіретін «SHIFENG» зауыты мен аудандағы «SERPER Invest» серіктестігі жасады.

«SERPER Invest» серіктестігі осы зауыттың қазақстандағы дистрибьюторы ретінде алғашқы техникаларын алып келді. Аудан әкімі Азизхан Исмаилов бұл техникаларды арнайы көріп, жан-жақты танысып, оң бағасын берді.

Айта кетейік, алдағы уақытта осы «SHIFENG» зауытының минитрактоларын құрастыру өндірісі ауданда жұмысын бастайды. Негізгі өнімдері – ауыл шаруашылығында қолданылатын дихан-шаруаларға және коммуналдық қызмет атқаруға қажетті шағын техникалар болмақ.

Ауданнан алғаш болып «Shanak Agro» АӨК «Ауыл аманаты» жобасы бойынша мемлекеттен несие алып, атаулы компанияның 3 тракторын сатып алды. Алдағы уақытта да «Ауыл Аманаты» бағдарламасына сай несие алатын кооперативтер мен ауыл тұрғындарына осы «SHIFENG» зауытының қарапайым, сапалы, арзан техникаларының түр-түрі ұсынылатын болады.

Қазығұрт ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Қазығұрт ауданының прокуроры Р.Абдраимовтың төрағалығымен мекемеаралық мәжіліс өтті. Мәжіліске Қазығұрт ауданының әкімі А.Исмаилов, аудандық Полиция бөлімінің бастығы А.Серікбаев, ауданың білім бөлімінің басшысы Б.Абдиев, аудан прокурорлары, аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының басшысы, дербес бөлім басшылары мен басқа да мекеме басшылары, ауыл округі әкімдері, УПИ қызметкерлері, пробация қызметінің қызметкерлері, аудандық білім бөліміне қарасты барша мектеп директорлары қатысты.

Жиынның күн тәртібінде өзекті 2 мәселе қаралды:

  1. Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде Қазығұрт ауданында құқықбұзушылық профилактикасы жағдайының тиімділігі;
  2. Аудандағы инфрақұрылым жағдайының тиімділігі (көше жарығы, жол, құрылыс, салық берешегі т.б.)

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан прокуратурасының аға прокуроры М.Беріков, аудан прокуратурасының прокуроры З.Жорабаев, Қазығұрт АПБ бірінші орынбасары Н.Нарбаев, аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Абдиев баяндамалар жасады.

Баяндама барысында әрбір тақырып жан-жақты талқыланып, сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Айтылған сын-ескертпелер хаттамаға енгізіліп, тиісті қызметкерлерге орындау тапсырылды.