СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
110

Сарыағаш ауданының әкiмi Арман Абдуллаевтың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері, қоғамдық кеңестің төрағасы, облыстық мәслихат депутаты У.Рахиев, дербес бөлім басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты. Комиссия отырысының күн тәртібіндегі 3 мәселе қаралды.
-Бір ғана мәселе “Жемқорлық — қоғам дерті”, сондықтан бұл дерттен аулақ болуымыз қажет. Өскелең ұрпағымыздың алдында жүзіміз жарық болуы үшін, бұл дертпен сіз бен біз, қоғам болып күресуіміз қажет — деді аудан әкімі
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «ішкі істер органдары салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі атқарылған шаралар туралы» аудандық полиция бөлім басшысының орынбасары Б.Джигитовтың баяндамасы тыңдалды.
Келесі мәселе «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі атқарылған шаралар» бойынша ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы З.Хамзаева баяндама жасады.
Үшінші мәселе «халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік саясаты бағытында жүргізілетін жұмыстың бірі мүгедектікті тағайындау барысындағы сыбайлас жемқорлықтың жай күйі» туралы ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне қарасты №8 медициналық сараптама бөлімінің басшысы М.Жунисовтың баяндамасы тыңдалды.
Баяндамашылардың есебін тыңдаған аудан басшысы Арман Абдуллаев:
— “Жемқорлық- қоғам дерті” сондықтан да бұл дертпен қоғам болып күресуіміз қажет — дей келе сыбайлас жемқорлықтың біздің қоғамдағы өршіп тұрған мәселе екенін қатаң ескерте келе, күресу бойынша тиімді жүйелі жұмыстар жүргізу керектігін айта отырып, бірқатар тапсырмалар берді.
2024 жылдың 20 қыркүйек күні Түлкібас ауданының білім бөлімінің мектеп басшылары мен есепші қызметкерлеріне бюджет қаржысын игеру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша мәжіліс отырысы өтті. Шұғыл мәжіліс отырысына білім бөліміне қарасты мекемелердің басшылары мен есеп- қисапқа жауапты мамандар түгел қатысты.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары бойынша іс шараға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Әсілбек Сәбит Әсетұлы,Түркістан облысы білім басқармасының Ұйымдастыру және заңдылықты қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Сапарбеков Әлжан Нұртасұлы,Түркістан облысы білім басқармасының орталықтандырылған есеп бөлімшесінің бөлім басшысы Жылкелдиев Ержан Мергенбайұлы,Түркістан облысы бойынша Қазаншылық Департаменті Түлкібас аудандық қазаншылық басқармасының басшысы Маматаева Луиза Рысқұлбеққызы, Түлкібас ауданының білім бөлімінің басшысының міндеттін атқарушы Қыдыралиев Досжан Қуандықұлы бюджет қаржысын игеру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша кеңестер беріп, қатаң қадағалауды тапсырды.
Соңғы кездері сыбайлас жемқорлыққа байланысты және өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікті талан-таражға салып, жымқырып кету фактілері елімізде осы білім саласынан жиі көрініс бергені рас. Сол себепті де Түркістан ауданы сондай сорақылықты болдырмау және алдын алу мақсатында білім саласында сыбайлас жемқорлықпен күреске, оның алдын алу жұмыстарына көп көңіл бөлуде.