ОРАНҒАЙДЫ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Түркістан облысында тұрғындардың жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін әлеуметтік-нысандар салынып, инфрақұрылымдар салынып, барларының сапасы жақсартылып халықтың қалалықтар сияқты жайлы да қолайлы тұрмыстық жағдайда өмір сүруіне мүмкіншіліктер жасалуда. Бұл бағытта баспана салу, көшелерді асфальттау, электр жарығы мен ауызсудың сапасын арттыру, табиғи газ кіргізіп беру сияқты инфрақұрылымдар жүргізіліп, жоспарлы түрде кезең-кезеңмен іске асырылып жатыр.
Түркістан облысы әкіміның тапсырмасына сәйкес, Сауран ауданының тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда. Өңірімзде 10 елді мекенге табиғи газ құбыры жүргізіліп, қамтамасыз ету деңгейі 31,4 пайызды құрап отыр. Жыл басында Бершінтөбе, Ибата елді мекендері табиғи газға қосылған. Енді міне, Оранғай елді мекенін газбен қамту бағытында құрылыс жұмыстары басталды.
Аудан басшысы Мақсат Таңғатаров елді мекенге арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Ауыл тұрғындары шынайы ризашылығын айтып, Мемлекет және облыс басшылығына алғыстарын білдірді. Қыркүйек айында басталған газ құбырын жүргізу құрылысы 2025 жылдың қараша айында аяқталу жоспарланған. Жалпы ұзындығы 97 шақырымды құрайды. Жұмыстар толық аяқталғанда 2188 абонент газбен қамтылады. Аталмыш жұмыстарды мердігер мекеме «KZ Invest Constuction» ЖШС атқарады. Ал, техникалық қадағалаушы «Инжиниринг Сервис Групп» ЖШС.
Алдағы уақыта газбен қамту бойынша Қарашық, Жүйнек ауылдық округтеріне магистральды және ішкі құбырларына жобалар әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аталған жобаларды қаржыландыруға республикалық бюджетке өтінім жолданды.