ПРОКУРОР СЫБАЙЛАСТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МАҚСАТЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті дамыту мен инвесторлар тартуды жақсарта түсу үшін оларға жасалынып отырған кейбір жасанды кедергілерге тосқауыл қойып, кәсіпкерлер мен инвесторлардың заң аясында еркін әрекет етіп, өздерінің жұмыстарын жасауына мүмкіндік жасалынуы қажеттігін биылғы жылға арнаған жолдауында да тілге тиек етті.
Ол үшін қоғамның дертіне айналып, мемлекеттің дамуын тежеп отырған сыбайлас жемқорлық, парақорлық сияқты жегі құрттай еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының жолындағы жебірдей болған – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту керек. Азаматтар мен тұтас қоғамда ондай қылмыстық жолға түсушілерге төзбестік менталитетін қалыптастыру және басқаларды теріс жолдан сақтандыру үшін түсіндіру мен ақпараттандыру жұмыстарын үнем жүргізіп отыру керек.
Сауран аудандық прокуратурасында заң талаптарының орындылауы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында кәсіпкерлермен кездесу болып өтті. Шараға аудан прокуроратурасының прокуроры Ғалымжан Есен, аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық әдеп жөніндегі уәкіл Бахытжан Полатов, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров, аудан кәсіпкерлері, тағы да басқа қонақтар қатысты.
Жиында аудан әкімі аппаратының басшысы, аудандық әдеп жөніндегі уәкіл Бахытжан Полатов сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті, сыбайлас жемқорлыққа тұрақты иммунитеті болмаса, қалаулы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес екенін алға тартты. Біздің қоғамның әрбір толыққанды мүшесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу — бүкіл қоғамның, әрбір азаматтың ісі екенін атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыра отырып, қоғамдық сананың өзгеруіне түрткі боламыз. Қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетеді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап ететінін жеткізді.