Алматы облысында атыс болып, бір адам қаза болды

0
185

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында атыс болып, үш адам жараланды. Зардап шеккендердің бірі ауруханада көз жұмды, деп хабарлады жергілікті ақпарат агенттіктері. Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, 4 тамызда сағат 16:20 шамасында үш адам Ұзынағаш ауруханасына оқ жарақатымен түскен. Біреуі реанимация бөлімінде көз жұмған.

Ақпаратқа қарағанда, полиция «Тосқауыл» жоспарын жариялаған. Полицияның хабарлауынша, жергілікті тұрғындар бір-бірімен төбелесіп, қару қолданған.