ӨНЕР ФЕСТИВАЛІ МЕН БАЛАЛАР ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

0
66

Ордабасы ауданының 60 жылдығына орай «Ауылым алтын бесігім» атты өнер фестивалі тоғыз жолдың торабы Төрткүл ауылында өтті.
Төрткүл ауылдық округінде ұйымдастырылған іс шарада ауылшаруашылық техникаларының, асыл тұқымды төрт түліктің, қолөнер шеберлерінің, ауыл округіндегі шағын кәсіпкерлердің өндірген заттары және мектеп, балабақша оқушылары жасаған бұйымдарының көрмесі көпшілікке көрсетілді.
Сонымен қатар ұлттық тағамдар мен кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық өнімдері де жұрт назарына ұсынылды.
Сондай-ақ спорттың қол күрес, қазақ күресі, гір тасын көтеруден жарыстар өтті.
Аудан әкімі Азат Оралбаев және аудандық мәслихат төрағасы Бақдаулет Жұмабеков төрткүлдіктерге жүрекжарды құттықтауын жеткізіп, ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматты алғыс хат тар беріп марапаттап, сый-құрмет көрсетті.
Іс шара барысында аудандық Мәдениет үйінің, Төрткүл ауылдық округінің өнерпаздары, “Шаншар” әзіл ысқақ театрының әртісі Нұржан Құлшынбаев, “Диета KZ” тобы ән-күй тарту етіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Түркістан облысында балаларға қамқорлық пен қолдау жасау, олардың жан-жақты болып өсуіне мүмкіндіктер жасау әрдайым назардан тыс қалған емес. Балаларға арналған спорттық, біліктілік, мәдени-рухани, өнер байқаулары сияқты іс-шаралар үнемі өткізіліп отырады. Сондай іс шараның бірі Шардара аудандық мәдениет үйінде Шардара қаласының тумасы, талантты жас әнші Мөлдір Жоламанова атындағы «МӨЛДІР -ҮМІТ» облыстық балаларға арналған ән байқауы өтті.
Білім мен өнерді қатар алып, ерекше дарынды Мөлдір Жоламанова кішкентайынан көпшілікке сүйкімді қыз, озат оқушы ретінде таныла бастаған болатын. Өлең жазып, ән айтып, көркемсөз оқу шеберлігін шыңдап, жеке тұлға болып қалыптасып келе жатқан шағында өкінішке орай, өмірден ерте озды.
Мөлдір Жоламанованы еске алумен қатар, жас талант иелерін анықтау, дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсету, оларды отансүйгіштікке баулу мен ұлттық рухта тәрбиелеу және эстрадалық ән орындау өнерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған байқауға Сайрам ауданының жас әншісі Нұрғали Нұрбек қатысып, бас жүлдені иемденді.
Жас дарын иесі Нұрғали Нұрбектің бойындағы өнеріне бірінші кезекте ата – анасы Омаров Тимур Нұрғалиұлы мен Тажибаева Салтанат Мейірбекқызы аса жоғары жауапкершілікпен қарап, айрықша назар аударуда. Сонымен қатар, өнер жолындағы ұстазы № 20 С.Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі Қарлығаш Жумадиллаева апайының еңбегі ересен. Ал, аудандық мәдениет үйі жас өнерпаздың үлкен сахналарға шығып, танылуына өз септігін тигізіп, материалдық қолдау көрсетуде.