АУЫЛ ӘКІМІ ЕСЕП БЕРІП, ЖАСТАР ТӘРБИЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ ШАРАЛАР ӨТТІ

0
114

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығы негізінде және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сай жаңа форматта өткізіліп жатыр. Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізіп, жиын ​барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерді тыңдайды. Тыңдап қана қоймай тұрңындардың талап-тілектерін заң аясында жүзеге асырады.
​Осыған орай ағымдағы жылдың 1 қазан күні, Майлыкент ауылдық округіне Бақыбек және Қарағашты елді мекендерінде ауыл әкімі Қ.Ахметов ауыл тұрғындарымен кездесті.
Кездесуге ардагерлер, ауыл ақсақалдары, және ауыл тұрғындары қатысты.
Халықпен кездесуде ауыл әкімі «Округіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2024 жылдың IІІ-тоқсанында атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары» туралы баяндамасын жасады.
​Кездесу барысында қойылған сұрақтарға ауыл әкімі және тиісті сала мамандары жауап беріп, көтерілген мәселелердің шешу жолдары мен орындалу кезеңі жайында айтып өтті. Тұрғындардың өтініштерін тыңдап, кездесу аяқталған соң ауыл тұрғындарының ​ мәселесін дер кезінде шешу мақсатында бақылауға алып, сала мамандарына тапсырма берілді.
Түлкібас ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес М.Ломоносов атындағы МГ-ның ағылшын тілі педагогтері және жоғары сынып оқушыларымен «Debates: how to conduct and how to win» тақырыбында шешендік шеберліктерін, логиканы, сыни тұрғыдан ойлауды, жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға негізделген TEDx форматында дебаттық клубтарға дайындық жұмыстары барысында кездесу өтті.
Кездесу барысында оқушыларға пікірталастың маңыздылығы мен жастардың жеке басына әсері талқыланды.
Ағылшын тілі пәні педагогі Н.Кан оқушыларға пікірталастағы басты қағидалар ой -өріс, мінез, өз ұстанымдарын дәлелі түрде қорғауға ұмтылыс, ақпаратты талдау, командада жұмыс істеуге, сұрақтар қойып және оларға жауап беру дағдыларын қалыптастыру аясында кеңінен кеңес берді.
Сол сияқты ауданның білім бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері Шолтаева Назира Мендебайқызының апталық жоспарына сәйкес 2024 жылдың 1 қазаны күні М.Ломоносов атындағы мектеп-гимназиясының педагогтерімен «Lesson Study оқыту мен оқу үдерісінде сапалы білім берудің тиімді әдісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел барысында білім беру ұйымының шығармашыл педагогтеріне жалпы педагогикалық ынтымақтастық, салауатты тұлға тәрбиелеудегі креативті ойлаудың маңыздылығы, даму мен ілгерілеудің формуласы, мектеп тәжірибесі, мұғалім мен оқушы жетістігі, зеттеу үдерісі арқылы мәселелердің шешу жолдары мен әдіс тәсілдерінің тиімділігі түсіндірілді.
Сабақтағы бағалауды бақылау фокусы, мұғалім мен оқушы арасындағы іс- әрекетін бақылау фокусы, оқушының іс — әрекетін бақылау фокусы жайында зерттеу топтарының мұғалімдері тиімді тәжірибеден табысты нәтижеге жету жолдарын бірлесіп талқылады.
Сонымен қатар 2023-2024 оқу жылындағы зерттеу топтарының есептері тыңдалып,теориялық аспектілерінен тәжірибелік ілгерілеу тиімділігін арттыруға бағытталған сұхбатта педагогтер өз үлестерін қосты.
Ал, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Мейірім» еріктілер тобымен Түлкібас полиция бөлімінің Түлкібас АПБ ЖПҚБ ЮПТ аға УПИ полиция майоры Аида Сарсепбаева, полиция бөлімінің Түлкібас АПБ ЮПТ инспекторы полиция майоры Наурызкулова Асель Науанбековна мен бірге дөңгелек үстел кездесуі өткізілді.
Бұл кездесудің мақсаты — аудан аумағында ерікті жастардың жасақтарын дамыту, жергілікті тұрғындардың әлеуетін арттыруға ықпал ету, мұқтаж адамдарға ерікті көмек көрсету және қолдау көрсетуге бағытталған адам қызметінің ерекше үлгісін қалыптастыру.