ӘДЕП УӘКІЛІ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мемлекет басшысы айтқан әділетті Қазақстан құру үшін мемлекеттік қызметшілер халыққа қызмет етуде әділеттітілікті басты қағадаты ретінде ұстануы керек. Тұрғындармен жұмыс жасап, мемлекеттік қызметті ұсынғанда, халықты қабылдап, сөйлескенде мемлекеттік қызметшіге тән этиканы сақтап, жауапкершілік танытуы керек. Яғни мемлекеттік қызметшіге қойылатын әдеп талаптарын іс жүзінде орындауы тиісті.
Төлеби ауданы әкімі аппараты ғимаратында аудан әкімінің орынбасары — Әдеп жөніндегі уәкіл Е.Орманов аудандық Құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкерлеріне семинар-мәжіліс өткізді.
Семинар-мәжілістің күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:
- Мемлекет басшысы 08.07.2024 жылы қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын түсіндіру және талқылау.
- Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін түсіндіру.
- Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті көздейтін ҚР Қылмыстық кодексінің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптарын мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру. Сыйлық, ақша алу тыйым салынғанын ескерту, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау және алдын алу.
- Түлкібас ауданының әкімдігі қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді және белгілі бір өмірлік жағдайында әрекет ету тәртібін түсіндіру.
Әдеп жөніндегі уәкіл заңдарды, кодекс талаптарын таныстырып, түсіндіру арқылы семинарға қатысушылардың заңдылықтар мен тәртіптерді бұзуға болмайтынын, бұзған жағдайда жауапкершілікке тартылатындарын ескертті.
Сол күні аудан әкімі аппараты ғимаратында аудан әкімінің орынбасары — Әдеп жөніндегі уәкіл Е.Орманов аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы мен қызметкерлеріне және аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы мен қызметкерлеріне семинар-мәжіліс өткізді.
Бұл семинар-мәжілістердің күн тәртібінде де жоғарда көрсетілген мәселелер талқыланды.
Яғни мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтап, орындауын талап ететін заңдылықтар нормаларын және мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін түсіндірілді.
Сол сияқты сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті көздейтін ҚР Қылмыстық кодексінің, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптарын мемлекеттік қызметшілерге талдап түсіндіре отырып, сыйлық, ақша алу тыйым салынғанын ескерту, мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылықтарды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмысты болдырмау және алдын алу мемлекеттік қызметшінің міндеттері екенін ескерту жасалды.
Сонымен бірге, Түлкібас ауданының әкімдігі қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді және белгілі бір өмірлік жағдайында әрекет ету тәртібін түсіндіріп, олардың бұзылуына жол бермеу керектігі де айтылды.