ТҰЖЫРЫМДАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Мемлекеттің дамуын тежейтін ең үлкен кедергінің бірі – қоғамдағы сыбайлас жемқорлық пен парақорлық. Кейбір халқы көп елдерде жемқор, парақорларын атып-асып жазалайды. Өркениетті мемлекет ретінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен заң аясында күресіп, халыққа түсіндіру жіне сыбайлас жемқорлыққа төзбестік қасиетін дамыту арқылы тамырына балта шабуды мемлекет пен қоғам алдына мақсат етіп қойылып отыр. Сыьайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен оның алдын алу, қоғамның төзбестігін ояту бағытында атқарылуы тиісті жұмыстар Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасында» белігенген.
Төлеби ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев төрағалық етіп, күн тәртібінде қаралатын мәселемен таныстырып, ҚР Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру іс -шаралар жоспарының орындалуы қаралды.
Комиссия отырысында Бірінші Мамыр ауылдық округ әкімі Бақытбек Маусымбеков «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалу барысын таныстырды.
Күн тәртібіндегі мәселе комиссия мүшелері тарапынан талқыға алынды. «Еліміздің кез-келген азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтап, азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Сондай-ақ, еліміздің ертеңін ойлаған әрбір азамат сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өз үлесін қоса білуі қажет. Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз», деп жиынды қорытындылады аудан әкімінің орынбасары Лесбек Әуезханұлы.
Төлеби ауданы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев бекітілген кестеге сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келген тұрғындар Сержан Дауылбайұлына өздерінің алаңдатқан талап-тілектерін айтып, оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады. Қабылдауға келгендер жер, ауыз су, түнгі жарық орнату, жолға асфальт төсеу мәселелерін сөз етті.
Қабылдау барысында аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Сержан Дүйсебаев әр мәселеге жеке тоқталып, заңдылыққа сәйкес түсіндірді. Әрбір азаматтың мәселесін жіті тыңдай келе, шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын атап өтіп, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Бұған қоса, өзге де келген азаматтардың арыз-шағымдары мен ұсыныстары бойынша жауапты сала басшыларына мүмкіндіктерді қарастыра отырып, заң аясында шешу. қажеттігін тапсырды.
Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында VIII шақырылымдағы Төлеби аудандық мәслихатының кезектен тыс он жетінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров төрағалық етіп, күн тәртібінде қаралатын мәселелермен таныстырды.
Күн тәртібінде бірінші мәселе «Төлеби аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №9/51-VIІI «2024-2026 жылдарға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мансұр Ашрапов хабарлама жасады. Бюджеттің шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі енгізіліп, депутаттар тарапынан талқыға салынды.
Сессия барысында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен қоғам өмірінің тиісті салаларындағы ұзақ жылғы жемісті еңбек етіп жүрген азаматтарды Төлеби ауданы мәслихатының Құрмет Грамотасымен марапаттау жөнінде ұсынысты аудандық мәслихаттың мемлекеттік заңдылық, азаматтардың еркі мен құқығын қорғау, депутаттық өкілеттілік және депутаттың этикасы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Бердіғали Өмірәлі жасап, халық қалаулыларының қолдауына ие болды.
Күн тәртібіндегі мәселелер алдымен біріккен тұрақты комиссияларының отырысында егжей-тегжейлі талқыланып, сессияда депутаттар бірауыздан шешім қабылдады.