200 БАС ЖЫЛҚЫ БОРДАҚЫЛАЙДЫ

0
63

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы саласында аймаққа өнімдерін экспорттап отырған мемлекет. Оның ішінде төрт түлік мал өсіру бойынша да жетістіктерге жетіп, олардың да өнімін алыс-жақын шетелдерге жөнетліп отыр. Мемлекеттің жағдай жасауының арқасында мал өсіру мен оның өнімдерін мол өндіру барлық аймақтарда жақсы жолға қойылған. Дегенмен, Түркістан облысы төрт түліктің етін өндіру бойынша республика бойынша бірінші орында келеді. Себебі мұнда ауыл шаруашылығына арналған бағдарламалар мен мубсидия, гранттарды тиімділікпен бөлу ұйымдастырылып, сол сияқты жеке кәсіпкерлікпен айналысушы ауыл тұрғындарына қажетті деңгейде қолдау жасалынып отырады.

Келес ауданында мал шаруашылығы кластерін дамытып, тұрғындарды жұмыспен қамту — басым бағыттардың бірі. Осы орайда Келес ауданының Жамбыл ауылдық округіне қарасты Ащыкөл елді мекенінің тұрғыны Маханбет Қасымбек 200 жылқы малына арналған бордақылау алаңын құрып, іске қосты. Шаруаның жай күйімен танысуға барған Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаев алдағы жоспарлар жайын да талқылады.

– Келес өңірі табиғаты тамаша, мал шаруашылымен қатар егін егемін деген азаматтар үшін қолайлы өңір. Жамбыл және Бозай ауылдық округтері о бастан мал шаруашылығымен айналысып, жоғарғы көрсеткіштерге жете білген азаматтар тұрады. Өзіңіз секілді мал шаруашылығымен қатар егін егуде де кәсіпке айналдырған азаматтардың саны арта берсін дегім келеді. Мемлекеттің қолдауы көрсетілетін болады, — деді аудан басшысы.

Айта кетейік, 1 гектар аумақтағы қорада бүгінде 20 бас жылқы бордақыланып, еті экспортталып жатыр. 3 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпкер Аграрлы кредиттік корпорация арқылы 30 000 000 несие қаражатты 10 жылға 7 пайызбен алып, 80 жылқы сатып алған. Шаруа қосымша 119 гектар аумаққа бақша өнімін еккен. Шаруаның алдағы жоспары 119 гектар аумақта тамшылатып суару жүйесін ендіру болып табылады. Сонымен қатар, мал бордақылау алаңын 1000 бас жылқы малын бордақылау алаңына кеңейту жоспарлануда.