ҚАРАЛҒАН МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМА БЕРІЛДІ

0
52

Түркістан облысы халық шаруашылығының көптеген салаларымен айналысып, инвестициялық жобаларды тарту арқылы өнеркісіп пен ауыл шаруашылығын, инфрақұрылымдарды жүргізу, тағы басқа да салаларды жүзеге асырып келеді. Әр қала, аудан басшылары Президент Жолдауында, облыс әкімінің берген тапсырмаларының негізінде жасалған ауданның жоспарлы жұмыстарын жыл аяғына дейін толы орындауды қамтамасыз ету бойынша тынымсыз жұмыс жүргізуде. Ол жоспарлы жұмыстардың арасында тек әлеуметтік-экономикалық, өндірістік, ауыл шаруашылығын дамыту ғана емес, бүгінде дәстүрлі шараға айналып келе жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасын, «Жасыл аймақ» көгалдандыру шарасын, елдімекендерді ауызсу, газ, жол, электрмен сапалы қамтамасыз ету сияқты да жұмыстар бар.

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілістің күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Күзгі тал егу жоспары туралы, ауыл округтеріндегі тазалық жұмыстары мен жарықтандыру құралдарының жағдайы туралы, таза су мекемесінің атқарған жұмыстары мен жоспары туралы кеңінен талқыланды.

Әуелі аудан әкімінің орынбасары Қыдырбай Сейітқұл күзде аудан аумағына отырғызылатын ағаш көшеттерінің жоспары бойынша және ауыл округтердегі тазалық жұмыстары мен жарықтандыру құралдарының жағдайы бойынша баяндады.

«Биыл күз мезгілінде 21 150 дана ағаш көшеттерін отырғызу жоспарлануда. Аталған көшеттер 10 ауылдық округі әкімдіктері мен «Темірлан абаттандыру» мекемесіне үлестіріліп, арнайы белгіленген орындарға егілетін болады», деді өз баяндамасында салалық аудан әкімінің орынбасары.

Аудан басшысы округ әкімдері, жауапты мекеме басшыларына күзгі науқанға осы бастан дайындықты күшейтіп, сапалы ағаш көшеттерін алдырып, суғару көздері, қоршау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді, жасылдандыру бағытында берілген жоспармен ғана шектеліп қалмай, басқада ағаш көшеттерін отырғызатын жерлерді анықтауды, отырғызылатын көшет санын көбейтуді де тапсырды.

Аппараттық мәжілісте “Таза су” мекемесінің басшысы Асан Құрымбек атқарған жұмыстары мен жоспары туралы баяндама жасады. «Таза су» мемлкеттік коммуналдық кәсіпорны 46 елді мекенге суды таратушы желілер арқылы суды беру қызметін көрсетеді. Атаған 46 елді мекендерінде абонент саны 12428, немесе 65121 халықты ауыз сумен қамтамасыз етеді.

Аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы 9 айдың қорытындысы бойынша индикаторлық көрсеткіштердің толық орындалуын, референдумға байланысты сайлау учаскелерінің дайындығын көру туралы жауаптыларға тапсырма берді. Сонымен қатар, ауылдардың тазалығы, жарықтандыру, қаскелбеті жөніндегі ескертпелерге байланысты барлық ауыл округі әкімдеріне қатаң ескерту жасап, берілген тапсырмалардан нәтиже шығармаған тұлғаларға шара көретіндігін қадап айтты.

Сол сияқты, «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау кеңсесінде аудан әкімі Азат Оралбаев кезекті жеке қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға ауданға қарасты Қайнар, Қалаш, Темірлан, Бадам, Шұбарсу елді мекендерінен келген тұрғындар тарапынан жарықтандыру, жол, ауыз су, газ, жайылым жер, ғимарат сұрау, әлеуметтік көмек, көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры, трансфарматорларды қосу, КХ18 жол бойын ретке келтіру, балабақша және мектептің қоршауы және сыртқы спорт алаңына жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы мәселелерді көтерді.

Аудан басшысы қабылдауға келген азаматтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сала орынбасары мен бөлім басшыларына тұрғындар мәселесін заң шеңбері аясында шешуді тапсырды.

Жеке қабылдауда айтылған ұсыныс пікірлер мен мұң-мұқтажын жеткізген әрбір тұрғынның мәселелері мұқият тыңдалып, орындалуы бақылауға алынды.