«ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

0
81

Мемлекет басшысы инфрақұрылымдар мәселесін, әуе,теміржол, автокөлік жолдары жайлы айтқанда еліміздің Евразияның дәл ортасында жатқандықтан барлық көліктердің мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас жасауында үлкен тиімді жағдайда орналасқандықтан, осы артықшылығымызды тиімді пайдалануымыз керектігін айтып келеді. Сол сияқты көрші елдермен, олардың бір-бірімен қарым-қатынасында еліміздің кедендік бекеттерінің сапалы да ыңғайлы жұмыс жасауы да көп пайда әкеледі. Республикадағы сондай кеден бекеттерінің бірі — Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекеті — тек Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ғана емес, Орта Азиядағы ең ірі кеден бекеттерінің бірі саналады. Сондықтан да кеден бекетінің инфрақұрылымын жетілдіріп, өткізу мүмкіндігін жақсартып, қызмет көрсету сапасын арттыру қажет.

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Сарыағаш ауданына арнайы іссапармен барды. Аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге «Жібек жолы» кеден бекетін ретке келтіру бойынша жауапты сала басшыларымен және Өзбекстан Республикасының өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында екі мемлекеттің уәкілетті органдары шекараға келген автобустардың кезексіз өтуі, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау, өткізу пунктін ретке келтіру бағытындағы жұмыстарды талқылады. Сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстаннан кіру пунктінен тұрақты халықаралық бағыттар үшін автобус жолағын құру, құжаттық бақылауды автоматтандыру туралы ұсыныстар айтылып, тапсырмалар берілді.

Қазіргі уақытта көлік жолаушылары ортақ зал арқылы өтуде. Сондықтан «Жасыл дәліз» арқылы жолаушылардың көлікпен бірге шекара асуы қарастырылуда. Сонымен қатар екі ел шекарасынан өтетін жолаушылар ағымының көптігіне байланысты шекара қызметі офицерлерінің саны артпақ. Осы ретте, тасымалдаушылардың бірыңғай электрондық деректер базасы құрылады.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар ағымы және жүк көліктері қозғалысы үшін аса маңызды бекет тәулік бойы жұмыс істейді. Кездесу барысында Екі мемлекеттің уәкілетті органдары арасындағы шекараға келген автобустардың кезексіз өтуі, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау, өткізу пунктін ретке келтіру бағытындағы жұмыстар талқыланды.

Сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстаннан кіре берісте екі жағынан тұрақты халықаралық бағыттар үшін автобус жолағын құру, шекаралық бақылаудан өтетін азаматтарға құжаттық бақылауды автоматтандыру туралы ұсыныстар айтылып, тапсырмалар берілді.

Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен келгенТүркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлфұхар Жолдасов ауданның инфрақұрылымын дамытуға бағытталған бірқатар маңызды нысандардың құрылыс барысымен танысты. Әкім орынбасары ең алдымен Сарыағаш қаласында салынып жатқан кәріздік тазарту қондырғысын аралап, құрылыс жұмыстарының барысын бақылады.

Аралау барысында Зұлфұхар Жолдасов құрылыс жұмыстарын егжей-тегжейлі тексеріп, жауапты мамандарға сапа стандарттарына сәйкес жұмыс істеуді тапсырды. Сонымен қатар, экологиялық талаптардың сақталуына баса назар аударуды ескертті. Аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байгабуловқа жұмыстарды уақытында аяқтап, қондырғыны белгіленген мерзімде тапсыру жүктеді.

Қазіргі таңда, кәріздік тазарту қондырғысының биореактор қабырғалары тұрғызылып, судың шығу құбыры орнатылған.Электр желісі тартылып, өндірістік ғимарат қабырғаларын қалау жұмыстары жүргізілуде.

Кәріздік тазарту станциясы іске қосылған соң, сарқынды сулар экологиялық талаптарға сай тазартылып, өңірдің су ресурстарының сапасы жақсарады. Бұл кәріздік тазарту қондырғысы іске қосылғаннан кейін, жыл сайын жүздеген мың текше метр лас су тазартылып, жергілікті экологияға елеулі пайда әкеледі деп күтілуде. Мұндай жобалар өңірдегі су ресурстарын қорғау мен жергілікті халықтың денсаулығын сақтау үшін маңызды рөл атқарады.