ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП АШЫЛДЫ

0
163

Қазақстан Республикасында мемлекеттік саясат бойынша әділетті де барлық азаматтарға тең қоғам орнату мақсат етілгендіктен ерекше жағдайды қажет ететін азаматарға да олардың өздерін қоғамның тең мүшесіндей сезінуіне қажетті жағдайлардың барлығын да жасау қолға алынған. Мүгедектігіне қарамастан талай қазақстандықтар параолимпиададан жүлделер алып, өздерінің қабілетін дәлелдеуінің өзі жасалынып отырған мемлекеттік қолдаулардыңғ жағдайлардың нәтижесі десек болады. Қазақстанның болашағы жастар болғандықтан ерекше жағдайдағы балалардың жас кезінен бастап өздерін басқа балалардай еркін сезінуін қамтамасыз ету, мүмкіндігінше ерекше балалардың да қоғамда өздерінің мүмкіндіктерін аша түсуіне жағдай жасау, басқа балалардай заманауи білім алып робототехниканы да меңгеруіне жол ашу үшін солардың мүмкіндігіне ыңғайландырылған білім мекемелерін салу жолға қойылған.
Елімізде ерекше балаларға барынша жағдай жасап, олардың қалыпты балалар сияқты барлық салаларда да мүмкіндігінше білім мен тәрбие алуына, өздерін қоғамның тең мүшесіндей сезіне алуына мүмкіндіктер жасалынуда. Түркістан облысында да ерекше балаларға қамқорлық пен олардың еркін дамуына мүмкіндіктер жасау бойынша жұмыстар атқарылуда.
Сарыағаш ауданында ерекше балалар үшін инклюзивті білім беретін «Аqildi bala » атты мектептің ашылу салтанаты болып өтті. Жаңа мектептің ашылу салтанатына аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, балалар мен ата-аналарды құтықтап, жеке кәсіпкердің игі ісіне бастамасына сәттілік тілеп, әрқашан қолдауға дайын екенін атап өтті.
Әлемі бөлек балалардың болашағына алаңдап, олардың да қалыпты балалар секілді толыққанды білім алуына мүмкіндік жасау мақсатында 100 балаға арналған «Аqildi bala » атты инклюзивті білім беру мектебін Б.Сәбитов кәсіпкерлермен бірлесе ашқан.
Аталған инклюзивті мектепте 17 пән бойынша және 8 қосымша сабақ бойынша мұғалімдер білім береді. Сонымен қатар, робототехника, АФК, ЛФК, сенсорлық интеграция, вокал және хореография, АРТ, ABA терапиясыжәне басқа да сабақтар оқытылады. Сондай-ақ, психолог, логопед, дефектолог мамандары жұмыс жасайды.
Инклюзивті білім беретін мектеп заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған.
Мектеп басшылығының айтуынша, ерекше балаларды біржола емдеу мүмкін болмаса да, тұрақты коррекциялық жұмыстың нәтижесінде таным, ақыл-ой процестерінің жұмысын