КЕНТАУДА ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КЕРУЕНІ ӨТТІ

0
65

Бүгінде дүниежүзінде түрлі қарулы қақтысытар, локалды соғыстар жүріп жатыр. Сол сияқты бір мемлекеттің ішінде азаматтар мен топтар арасындағы қақтығыстар мен тұрмыстық жанжалдар да тиылмай келеді. Қарап отырсаңыз сол орын алып жатқан келеңсіз, адамзат тыныштығын бұзушы оқиғалардың көпшілігі діни көзқарастардың сәйкессіздігіне, адамзат баласының дәстүрлі құндылықтарын сақтамай, діни танымдары мен діни дәстүрлерін айналасындағыларға, қоғамға таңуға деген әрекеттердің кесірінен орын алуда.
Қазақстанда да мемлекетті құруашы қазақ ұлтынан басқа жүзден астам этностардың өкілдері, бірнеше діни қауымдастықтардың өкілдері өмір сүріп жатыр. Мемлекет діні мен түріне, ұлты мен тіліне, басқа да ерекеліктеріне қарамастан барлық қазақстандықтардың конституциямен кепілдік берілген құқықтарын пайдаланып, заңмен тиым салынған нәрселерден тартынып, түсіністікте өмір сүріп, еліміздің болашағы үшін бірлікте әрекет етуін қалыптастыру саясатын ұстанап отыр. Сондықтан да, бүкіладамзаттық дәстүрлі құндылықтар мен діни ұстанымдардың бір-бірін құрметтей отырып қатар өмір сүруін қалыптастыру бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізіліп келеді.
Түркістан облысының қалалары мен аудандарында осы мазмұндағы іс-шара жоспарлы түрде өткізіліп келеді. Түркістан облыстық Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Дәстүрлі құндылықтар керуені» атты жиын Кентау қаласында өтті. Жиынның мақсаты еліміздегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің зайырлы қағидаларын нығайту, дәстүрлі құндылықтарды насихаттау, деструктивті діни ағымдардың іс-әрекеттерінің алдын алу және қоғамда деструктивті идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру.
Дәстүрлі құндылықтар керуені «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бастау алып, республикалық жобаға енгізіліп, 2017 жылдан бері өткізіліп келеді.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының бөлім басшысы Қайрат Абуов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дінтанушы-теолог, ғалым Арман Қуанышбаев, спорт шебері, самбо спорт түрінен 6 дүркін әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, педагогика ғылымдарының профессоры Абдисадық Халилаев, ҚР Мәдениет саласының үздігі, «Алдараспан» театрының актеры Шәкен Амантұров және ардагерлер, әжелер, аналар кеңесі, ауыл билері, мекеме қызметкерлері мен жастар, жалпы Кентау қаласының тұрғындары қатысты.
Модератор Кентау қалалық ішкі саясат бөлімінің “Кентау қалалық Руханият орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Қанат Бекметов болды.
Дәстүрлі құндылықтардың басым бөлігі ұлтына, дініне, жасына, жынысына қарамастан барша адамзатқа ортақ. Қоғаммен үндестікте – соның аясында қалыптасады, оның ішкі тұрақтылығына қызмет етеді және сол қоғам арқылы сақталады. Дін мен дәстүр ажырамас құндылықтар, халық қазынасы, біздің ұлттық болмысымыз.