ЖАС ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНЕ АРНАЛҒАН БАСҚОСУЛАР ӨТТІ

0
73

Еліміздің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне мемлекеттік деңгейде үлкен көңіл бөлініп балалар мен жасөспірімдердің білімді де тәрбиелі болып өсіп, жаман әдеттерден аулақ болуын қамтамасыз ету бойынша көптеген нақты істер атқарылуда. Бұл істе құқық орғау орындарымен қатар білім, денсаулық салаларының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері де белсене атсалысуда.
2024 жылдың 10 қазан күні, Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты «Жанкент» жалпы білім беретін мектептің базасында, Түркістан облысының білім басқармасының «Білім беруді дамыту орталығының» әдіскері Басқараева Рапия Тухтабайқызы, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұн ерекшелігі: құндылықтар жүйесі әдістемесі мен жобалар жұмысын жетілдіру» тақырыбында ақпараттық оқыту семинарын өтті.
Семинарда бағдарламаның өзектілігі мен маңыздылығы ескеріле отырып, меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, сынып жеткешілері ӘБ жетекшілері, мектепке дейінгі ұйымдарының басшылары, әдіскелері барлығы 268 астам маман 3 секция бойынша қатысты.
Мақсаты: Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастырудың әдістемесін жетілдіру.
2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдарында тәрбие үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктеріне тоқталды.
Соның ішінде оқу-тәрбие жүйесі білім берудің барлық деңгейлерінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы арқылы іске асырылуда екенін атап көрсетті.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзінде: Ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын құндылықтар:
1. Тәуелсіздік және Отаншылдық, 2. Бірлік және Ынтымақ , 3. Әділдік және Жауапкершілік, 4. Заң және Тәртіп, 5. Еңбекқорлық және Кәсіби біліктілік ,
6. Жасампаздық және Жаңашылдық құндылығы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізіне айналғандығын атап өтті.
2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысы осы бағдарламаның негізгі ережелері мен құндылықтарға сәйкес ұйымдастырылды. Әр ай тұлғаны қалыптастыруға бағытталған іс-шаралармен қамтылатындығы атап көрсетілді.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы: жаңартылған мазмұнына сәйкес тәрбие жұмысының үлгілік жұмыс жоспарын талқылау барысында мемлекеттік мүдделі органдардың жұмыс жоспарын сынып сағатының 10 минутында Жеке қауіпсіздік сабақтарда жас ерекшелігін ескере отырып кіріктіріп өту туралы ұсыныстар айтылды.
Семинар барысында постер арқылы алты жобаны қорғап, талқылау жұмыстары жүргізілді.
Біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы кейбір мәселелер бойынша әдістемелік көмек беріліп, тәрбие жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілер ӘБ, МДҰ мәңгерушілері мен әдіскерлері арасында тақырып төңірегінде өз тәжірибелеріндегі орын алған жағдайлар туралы қызу талқыланды. Сұрақ-жауап арқылы тартысты талдау жұмыстары жүргізілді.
Ал, аудандағы Әлия Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектебінде 10.10.2024 жылы 8-11 сынып білім алушыларымен » Ел ертеңі — есірткісіз болашақ» тақырыбында кездесу өткізілді.
Кездесудің мақсаты жас ұрпаққа тәлімді тәрбие беріп, нашақорлық — ғасыр дерті екендігін, есірткінің адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу болды.
Кездесуге «Даналық клубының» аталар, әкелер, аналар кеңесінің мүшелері, ауыл имамы Нарбеков Абдихашим, Игенбаев Мирасбек шақырылды.
Түлкібас ауданының «Құрметті азаматы», ауылымыздың жанашыры Меңлібеков Айтбек жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтар, маскүнемдік, нашақорлық сынды адами қасиетке жат қылықтардан бойларын аулақ ұстауларына ықпал ету, себеп-салдарын анықтау, сақтандыру жолдарын кеңінен сөз етті.