ЕҢБЕКШІ ЖӘНЕ ИІРЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

0
55

Елімізде «Жаңа Қазақстан» құру туралы идеясын ұсынғанда Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев біртіндеп осыған дейінгі ескі қазақстандық кемшіліктерден құтыла отырып, мемлекеттік қызметшілерден бастап халық алдында  ашықтық, шынайылық, әділдік арқылы беделдерін көтеріп, тұрғындардың талап-тілегіне құлақ аса отырып, олардың мәселелерін шешу арқылы халықтың сеніміне ие болу қажеттігін айтқан. Бұл әрекеттер демократиялық талаптарды орындауға бастайтындықтан халықтың сенімін қайтарады. Сөйтіп халық пен атқарушы билік арасында сенім пайда болады. Ал өзара қатынастағы сенім екі жақтың бірігіп жұмыс жасауына, бірін бірінің қолдауына ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын және жауапкершілігі мен есептілігін арттыру мақсатында және бекітілген жоспар бойынша Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Еңбекші ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді.

Жиын барысында Бақыт Насырханұлы 2024 жылдың 8 айында атқарған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, іске асырылып жақан жобалар туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, кездесуде халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, округтегі өзекті мәселелер және оның шешімі туралы айтып өтті.

Жиын соңында халыққа ашық микрофон ұсынылып, тұрғындар спикерге өздерін толғандырған сұрақтарды қойды.

Аудан әкімі мәселе көтерген және сұрақ қойған әрбір тұрғынға кезекпен жауап беріп, кезек күттірмейтін мәселелер шешімін табатынын айтып түсіндірді. Сондай-ақ, мәселесін жеке айтамын деген тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізді. Аудан басшысы жеке мәселелерін айтқан ауыл тұрғындарын мұқият тыңдап қана қоймай олар көтерген мәселелерді заң аясында шешудің жүзеге асырылатынын заң аясында түсіндірді.

ҚР Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын және жауапкершілігі мен есептілігін арттыру мақсатында және бекітілген жоспар бойынша Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Иіржар ауылдық округінің тұрғындарымен де көшпелі кездесу өткізді.

Жиын барысында Бақыт Насырханұлы 2024 жылдың 8 айында атқарған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, іске асырылып жақан жобалар туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, кездесуде халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, округтегі өзекті мәселелер және оның шешімі туралы айтып өтті.

Жиын соңында халыққа ашық микрофон ұсынылып, тұрғындар спикерге өздерін толғандырған сұрақтарды қойды.

Аудан әкімі мәселе көтерген және сұрақ қойған әрбір тұрғынға кезекпен жауап беріп, кезек күттірмейтін мәселелер шешімін табатынын айтып түсіндірді. Сондай-ақ, мәселесін жеке айтамын деген тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізді.