ДОСТЫҚ ЖӘНЕ Ж.НҰРЛЫБАЕВ ОКРУГТЕРІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Қазақстанда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге асырыла бастағалы жергілікті әкімдердің тұрңындамер арнаулы кестеге сай кездесулері, әкімдердің қабылдауға жазылған азаматтарды жеке қабылдап мәселелерін тыңдауы, сол сияқты ашық есік күндерінде әкімдікке келіп мәселелерін айтатын азаматтардың да өтініш-тілектері мен ұсыныс-пікірлері мүмкіндігінше тез арада орындалып, заң аясында түсінідіріліп отыратын болды. Бұл жағдайға тұрғындар да біртіндеп үйренісіп жергілікті билікке айтатын мәселелерінің еленіп, орындалып жатқанын көріп, біле бастады. Ал бұл жағдай билік пен халықтың қарым-қатынасының жақсарып, бір-біріне деген сенімді нығайтып, өңірдің мәселелерін бірлесіп шешуге ұмтылысын тудыруда.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын және жауапкершілігі мен есептілігін арттыру мақсатында және бекітілген жоспар бойынша Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Достық ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді.
Жиын барысында Бақыт Насырханұлы 2024 жылдың 8 айында атқарған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, іске асырылып жақан жобалар туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, кездесуде халықты толғандырған әлеуметтік мәселелерге баса назар аударып, округтегі өзекті мәселелер және оның шешімі туралы айтып өтті.
Жиын соңында халыққа ашық микрофон ұсынылып, тұрғындар спикерге өздерін толғандырған сұрақтарды қойды.
Аудан әкімі мәселе көтерген және сұрақ қойған әрбір тұрғынға кезекпен жауап беріп, кезек күттірмейтін мәселелер шешімін табатынын айтып түсіндірді. Сондай-ақ, мәселесін жеке айтамын деген тұрғындар үшін жеке қабылдау өткізді.
ҚР Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, қоғамды одан әрі демократияландыру, елде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халықты хабардар ету, жергілікті атқарушы органдардың ашықтығын және жауапкершілігі мен есептілігін арттыру мақсатында және бекітілген жоспар бойынша Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Ж.Нұрлыбаев ауылдық округінің тұрғындарымен көшпелі кездесу өткізді.