СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0
55

Сыбайлас жемқорлық пен парақорлық дүниежүзінде көптеген мемлекеттердің дамуына тежеу салып отырған  қылмыстық құбылыс. Онымен күрес жалғасуда. Бірақ, сыбайлас жемқорлықпен күрес нәтиже беруі үшін тек құқық қорғау органдарының жемқорлыққа ұарсы күресі көп нәтиже бермейді. Бұл дертке қарсы күресте бүкіл қоғамдық ұйымдар мен халық та атқарушы органдарға белсенді түрде көмектесуі қажет. Атқарушы органдарда ашықтық болуы керек.

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Мәжіліске қалалық дербес бөлім және құқық қорғау органдарының басшылары мен мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.

Жиынның күн тәртібіне сәйкес, Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру іс-шаралар жоспарының орындалуы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша мемлекеттік мекемелер басшылары есеп берді.

Кентау қаласындағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі туралы қала әкімі аппаратының заң және құқық қорғау органдарымен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы Самат Әділханұлы, Мәдениет және туризм саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Кентау қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жалғас Оразбекұлы мен «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» РММ-нің бөлім басшысының орынбасары Шора Әбдуәлиұлы, қала аумағындағы автомобиль жолдарының бүгінгі жай-күйі, салыну сапасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы Кентау қалалық жолаушылар көлігі және ватомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ұлан Жамбылұлы, кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарлып жатқан жұмыстары туралы Кентау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Шоқан Маханбетғалиұлы және Кентау қалалық санитарлық-эпидемилогиялық бақылау басқармасының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ұлдана Пернебайқызы баяндама жасады.

Комиссия мүшелері баяндамашыларға сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытында атқарылып жатқан жұмыстары бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия мүшелеріне – қолданыстағы заңнамаға сәйкес берілген тапсырмалардың орындалуын және қабылданған шаралардың орындалуына бақылауды қамтамасыз етуін тапсырды .

Жиынды қорытындылаған қала әкімі Жандос Қалмырзаұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты тиімді жүзеге асыруға және анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдердің алдын алуға және жоюға бағытталған шұғыл шаралар қабылдау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, мемлекеттік қызмет көрсету қағидасының талаптарын қатаң сақтауды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша тиісті жұмыстар атқару жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

Сол сияқты қала әкімі Жандос Тасов қаладағы “Кеншілер” саябағынан бастау алатын суағар жүйелерді аралап, бақылады. Осы сәтке дейін, қалада нөсер жауын салдарынан қала ішіндегі көшелерді су басып, тұрғындардың жүріп-тұруына кедергілер орын алатын.

Бұған дейінгі бақылау нәтижесінде бірқатар суағардың үстіне кәсіпкерлік нысандар салынып судың ағып кетуіне кедергілер қойылғаны анықталған.

Сондай -ақ суағардың кейбір бөлігі тұрғын үй мен кейбір мекемелердің аулалары арқылы да жүргізілген. Судың ағып кету бағытына кедергілер болуы мүмкін жайттарды жою бойынша тиісті салаға тапсырма берілді.

Қаладағы суағардың кейбір аймағында үстінен салынған кәсіпкерлік нысан иелеріне түсіндіру жұмыстар жүргізіліп, заңға сәйкес қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілетіні хабарланды.

Жалпы, қалада 6,6 шақырымды құрайтын суағар жүйесі бар. Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, суағардың қауіпті деп танылған бөліктеріне қоршаулар қойылуда. Бүгінгі таңда 500 метр қоршау қойылды. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасатын болады.