ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДА

0
52

Жасөспірімдердің білімді де білікті, саналы да тәрбиелі болып сөуін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік құқық қорғау және білім беру мелекемелрі бірлесе жұмыс жасау арқылы нәтижелерге жетуде. Мектеп қабырғасынан бастап оқушы балаларға құқық бұзу мен қоғамдық тәртіпті бұзу, жаман әдеттермен айналысу арқылы біртіндеп қылмыс жасауға еріп кету сияқты баланың болашағына зиянды жаман әдеттерден жерінту бойынша көптеген іс-шаралар қолға алынуда.
Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қатысты жасалатын құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында аудандағы білім беру ұйымдарына барып, «Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында оқушыларымен кездесу өткізді.
Іс-шара барысында полиция бастығының бірініші орынбасары Нұрлыбек Нарбаев мектеп оқушыларына кәмелетке толмаған жасөспірімдерге жалпы құқық бұзушылық алдын алу, құмар ойындар, лудомания, есірткінің алдын алу тақырыбында түсінік беріп өтті. Жасөспірімдер арасында кеңінен тараған заң бұзушылықтың, қылмыстың ахуалы мысалдар ретінде келтіре отырып, қылмыс істегені үшін жауапкершіліктердің түрлерін айтты. Сондай-ақ қазіргі кездегі қоғамдағы құқықбұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайлы сөз қозғады.
Сонымен қатар полиция подполковнигі Н.Нарбаев өзінің жылдар бойы жинаған тәжірибесі барысында орын алған оқиғалар мен мысалдар келтіре отырып, қылмыс жасаған жағдайда қандай себеп пен салдарға әкеліп соқтыратынын және 14 жастан бастап қылмыстық, ал 16 жастан бастап әкімшілік жауапкершілік туындайтынын ескертіп түсіндірді. Шара соңында мектептің қауіпсіздік жағдайын тексеру мақсатында бейнебақылау камералары және турникеттері, дабыл қоңыраулары тексерілді. Ал кездесуге қатысқан оқушылар мен ұстаздар қонақтарға өз көкейлеріндегі сауалдарын қойып, оған толыққанды нақты жауаптар алды.
Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері полиция бөлімі ғимаратында ашық есік күні өтті. Оған білім беру ұяларының 10-11 сынып оқушылары қатысты. Жиынның мақсаты полиция қызметінің ашықтығын, жариялығын көрсете отырып, халықпен жақындастыру. Сондай-ақ ішкі істер органдарының қызметін дәріптеп, осы салада қызмет еткісі келетін жастардың қатарын көбейту.
Шара барысында полиция басшысы Мұрат Ермеков тәртіп сақшыларының қызметтік саласын таныстырып өтті. Сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, және балалар қауіпсіздігі жайлы да ақпарат беріп, әрбір құқық бұзған адам заң алдында жауап беретінін алға тартып, ондай қадамға бармауға кеңес берді. Сонымен қатар оқушылар арнайы қорғану құралдары мен қару-жарақ түрлеріменде танысты.
Мектеп бітірушілер арасында полиция қызметкері болғысы келетіндерді ҚР Ішкі істер министрлігінің жоғарғы оқу орындарына түсуге үгіт-насихат жүргізді. Оқушыларға полиция қызметінің қыр-сырын ашып түсіндіріп, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Бұл мамандықтың қиындығы мен жауапкершілігін алға тартып, тәртіп сақшысы болу үшін төзімділік пен сабырлылық, жылдамдық, асқан жауапкершілік қажет екенін атап өтті.
Ал, Түркістан облысы Жедел басқару орталығының бейнебақылау камерасын бақылап отырған полицейлердің назарына түнгі сағат 03:00 шамасында жүргізушілер тарапынан орын алған өрескел құқық бұзушылық ілінді.
Яғни Түркістан қаласының Ж.Майкотов-Алматы көшелерінің қиылысында «Lexus РХ330», «Huyndai Elentra», «Daewoo Nexia», «Lada», «ВАЗ 2114» маркалы 10-ға тарта автокөліктің жолдың үстінде мемлекеттік белгілерін алып тастап,«кортеж» жасап жүргені анықталды.
Бұл бойынша бірден жақын аумақта жүрген патрульдік полицияға хабар берілді. Оқиға орнына жеткен автоэкипаж жол ережесін бұзған көліктерді тоқтатуға белгі берді. Алайда олар полицияның заңды талабына бағынғысы келмеді. Осы сәтте тағы бір экипаж көмекке келіп, жан-жақты жүргізілген шаралар нәтижесінде құқық бұзушыларға тұсау қойылды.
Тексеру кезінде көліктердің жол ережесін сақтамай, тұрғындардың түн тыныштығын бұзғаны белгілі болды. Бейнежазба жасау үшін құқық бұзушылыққа барған жас жігіттермен профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде құқық бұзған жас жүргізушілердің автокөлігі айыптұраққа жеткізілді. Аталған көлік иелеріне бірнеше баппен, яғни мемлекеттік тіркеу белгілері жоқ және қарсы бағытқа шығып көлік басқарғаны бойынша әкімшілік шара қолданылды. Осылайша, түн тыныштығын бұзып, трассада ойқастаған 10-ға тарта жүргізушіні сақшылар жауапқа тартты