ЕЛ БОЛАШАҒЫ ЖАС ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІНЕ КӨҢІЛ БӨЛІНУДЕ

Мемлекеттің тірегі – отбасы, болашағы – жас ұрпақ. Сондықтан да Мемлекеттік идеологияда ұлттық және отбасылық құндылықтар мен салт-дәстүрмен жеткен тәлімді тәрбие арқылы жас ұрпақты тәрбиелеп, отансүйгіш, жан-жақты білімді де білікті, белсенді болуларына қол жеткізу мақсаты алға қойылған. Бұл аталған тәрбие отбасында және балалардың білім мен тәрбие алатын мекемесі – мектептерде негізінен жүзеге асырылып, насихатталады.
Түркістан облысыТүлкібас ауданының білім бөліміне қарасты Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде 15 қазан күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру барысында аудан мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының «Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етудің негізгі факторы» тақырыбында аудандық тәжірибелік семинар өтті.
Семинардың мақсаты: Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында отбасы құндылықтарын сақтауға, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге тәрбиелеу.
Аудандық семинарды мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Г.Ошақбаева ашып, қатысушыларды семинардың жоспарымен, мақсатымен таныстырды. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Эльмира Әбілқасымқызы қатысушыларды семинар барысындағы өтілетін сабақтардың артықшылықтары мен кемшін тұстарына баса назар аудару қажеттігі және қауіпсіздік сабақтарының маңыздылығына тоқтала отырып, сабақ өтетін ұстаздарға сәттілік тіледі.
Педагог-психолог Кусембаева Альбина семинарға қатысушылармен «Шаттыққа толы жүректен» тақырыбында психологиялық тренинг өткізіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасы аясында әжелер мектебінің жұмысы Пиалиева Индира өткізген «Әжелер-өмірдің ажары,немере-өмірдің базары» тақырыбынан көрініс тапты. Онда бірлік пен ынтымақтастық құндылығы дәріптелді.
Әкелер мектебінің жұмысы Қаржаубаев Ержанның «Әкелік-бала бақытының қайнар көзі» тақырыбындағы тәрбие сағатымен өрбіп, отбасылық үйлесімділіктің кілті-сенімді қарым-қатынас орната отырып, Әділдік және жауапкершілік құндылықтары насихатталды.
Аналар мектебінің жұмысына «Ана-өмір мәні,тұрмыс сәні» атты Сейдазимова Айгерімнің өткізген тәрбие сағаты жаңа серпін берді. Қауіпсіздік сабағында «Балалардың қауіпсіздігі-ересектердің қамқорлығы» басты назарға алынды. Жасампаздық және жаңашылдық құндылықтары жайлы кеңінен ой қозғалды.
Оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиеге баулу мақсатымен өткізілген Тұрлыбек Ерасылдың «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» тақырыбындағы өнеге сабағы оқушылардың бойына заң және тәртіп құндылықтарын сіңірумен жалғасын тапты. Оқушылар өздерінің ептіліктерімен бірге икем-дағдыларын,қабілеттерін көрсете білді.
«Балалар кітапханасы» жобасы аясында -білім алушылардың кітап оқуға және білім алуға қызығушылығын қалыптастыру мақсатында кітапханашы Құлибаева Рахима «Кітап ХАН» оқу сайысын өткізді. Онда: Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік құндылықтары насихатталды. Жеңімпаздар марапатталды.
«Шабыт» жобасы- білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашу арқылы құндылықтарын дәріптеу. Музыка пәнінің мұғалімі Жуматаев Серик пен тәлімгер Наркулова Гүлжанның ұйымдастыруымен өткен концерттік бағдарлама семинардың шырайын кіргізіп, қатысушыларға жоғары көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мектеп фойесінде домбырашылар ансамблінің орындауындағы күйлермен келушілерді қарсы алып, технология пәнінің мұғалімдері А.Сәтпаев пен Ж.Багисбаеваның ұйымдастыруымен «Көрменің көрсетері мол» тақырыбындағы көрме ұйымдастырылды.
Әдіскер Эльмира Әбілқасымқызы семинарды қорытындылап, семинарға қатысушылар тарапынан семинар жоғары бағаланды. Аудандық тәжірибелік семинарда, тәжірибелерімен бөліскен барлық мұғалімдер мен ұйымдастыру жұмысына басшылық жасаған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Биешов Ерғазы мен оқу ісі жөніндегі орынбасары Ошақбаева Гүлзинат- аудандық білім бөлімінің марапатына ұсынылды.
Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы А.Пушкин атындағы ақпараттық технологиялар мектеп лицейінен базасында өткізілді.
Оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастуға ықпал ету, ең талантты, дарынды зерттеушілерді іріктеу, оқушылардың үздік зерттеу жетістіктері мен өнертабыстарын көрсету шеңберінде өткізілген конкурстың аудандық іріктеу кезеңіне 4 бағыт, 16 секция бойынша оқушылар өз зерттеулерін,ұстанымдарын дәлелі түрде қорғап шықты.
Түлкібас ауданында 63 жас зерттеуші ғылыми жобаларымен бақ сынасып, конкурстың облыстық кезеңіне ауданның барлық білім беру ұйымдарынан ең үздік 25 жоба ұсынған дарынды оқушылар ірктелді.