Қазақстан 15 жылға 168 миллиард теңге қарыз алады

0
54

«Азия даму банкінен Қазақстанға 52,3 миллиард йен сомасында (167,4 миллиард теңге — еск.) беріледі. 2027 жылғы 1 маусымға дейінгі жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, өтеу мерзімі 15 жыл», — деді Савельева Мәжілістің жалпы отырысында.

Мәжіліс депутаты Татьяна Савельеваның мәліметінше, несиелік келісімге Астанада 2024 жылғы тамызда қол қойылған. Оның айтуынша, жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде экономиканың тұрақтылығын қолдау үшін Қазақстанға қаражат қажет.