БИЛІК ПЕН ХАЛЫҚ АРАСЫНДАҒЫ АШЫҚТЫҚ ӨЗАРА СЕНІМДІ НЫҒАЙТАДЫ

Мемлеке басшысы жергілікті атқарушы биліктің халық үшін ашық болуын, тұрғындармен жиі кездесіп, жеке қабылдаулар өткізіп олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын, туындаған проблемаларын зерделеп, заң аясында шешу арқылы билік пен халықтың арасындағы түсіністік пен өзара сенімді нығайтуды тапсырған. Өйткені, қазақстандықтардың билікке сенімі артқан сайын ел бірлігі нығайып, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқындай түсетін болады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен ашықтық қағидатына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев облыс тұрғындарын жеке қабылдады. Жеке қабылдауға келген тұрғындар тарапынан өзекті мәселелер қозғалды.
Облыс әкімі орынбасарының қабылдауына жазылған азаматтар мәдениет үйі мен спорт кешенін салу, жастар саябағын салу және ескерткіш орнату мәселелерін көтеріп, қаржыландыру бойынша ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар айтыскер ақын Әселхан Қалыбекованың 75 жылдығына орай кеш өткізу, үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мәселелерін қозғады. Кенесары ханды жас ұрпаққа дәріптеу жөнінде де ұсыныс берілді.
Жалпы қабылдауға жауапты тұлғалар қатысып, өтініштердің оңтайлы шешілуі қарастырылды.
«Ашық әкімдік» кеңсесіне келген азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын мұхият тыңдаған Ертай Кенжебекұлы әрбір мәселе заң аясында қаралатынын, ұсыныс пен өтініштер хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыстар жүретінін жеткізді. Сондай-ақ оларға түйткілдердің шешілу реті мен заңдылығы түсіндірілді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес Түркістан облысының тұрғындарын жеке қабылдау тұрақты түрде өткізіліп келеді. Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев «Ашық әкімдік» кеңсесінде өңір тұрғындарын жеке қабылдап, өтініш-талаптарын тыңдады. Жауапты тұлғалармен бірге мәселелерді шешу жолдарын қарастырды.
Қабылдауға келген азаматтар тұрғын үй және жұмыс мәселелерін көтерді. Мәселен, қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру жайын қозғаған азаматшаға заң талаптарына сай баспананы жекешелендіруге мүмкіндік бар екені түсіндірілді. Одан бөлек, көпбалалы ана жұмыс орнын ауыстыруды, жұмыс уақытын өзгертуді қарастыруды сұрады. Азаматшаға еңбек шартына сәйкес жұмыс уақыты қысқартылмайтыны ескертілді. Сонымен қатар жұмыс орнын ауыстыру бойынша өтініші қанағаттандырылды.
Еркебұлан Дауылбаев жауапты тұлғаларға тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін ескерусіз қалдырмауды тапсырып, көтерілген мәселелердің оңтайлы шешілуі қатаң бақылауында болатынын жеткізді.
Сондай-ақ, Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров аудан тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға ауданның дербес бөлім басшылары да қатысып, әртүрлі мәселелер бойынша тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Қабылдауға келген 6 азаматтың өтініштері әр түрлі салаға қатысты болды.
Алғашқы мәселе тұрғын үй жөндеу бойынша көмек сұраған азаматтан келді. Ол өзінің үйін жөндеуге қаржылай көмек алу үшін әкімдікке өтініш білдірді. Аудан әкімі бұл мәселені қарастырып, қажетті шаралар қабылданатынын айтты. Екінші өтініш 2.5% несиені алу мәселесіне қатысты болды. Тұрғын өз кәсібін дамыту үшін жеңілдетілген несие алуға көмек сұрады. Бұл мәселеге де тиісті қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Тұрғын үйге арналған жер дауын шешу туралы өтініште назарға алынды. Қабылдау кезінде осы мәселелер бойынша шешімдер ізделіп, заң аясында тұрғындардың құқықтарын қорғау жолдары қарастырылатыны айтылды. Ауыл ішіндегі көпір мәселесі де көтерілді. Бұл сұраққа қатысты аудан әкімі жол құрылысын және көлік қатынасын жақсарту үшін тиісті бөлімдермен жұмыс істейтінін мәлімдеді. Зейнеткерлердің белсенді ұзақ өмір сүру орталығын ашу туралы ұсынысы да назардан тыс қалмады. Сонымен қатар, суармалы жер телімі және шаруашылыққа жарық тарту мәселелері де көтерілді. Бұл сұрақтар бойынша да тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров барлық тұрғындардың өтініштеріне тыңғылықты қарап, шешім қабылдау үшін тиісті бөлімдермен бірге жұмыс істейтінін және әрбір мәселенің бақылауда болатынын атап өтті. Тұрғындар мен әкімдік арасындағы байланыс пен ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында бұл қабылдаулар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп тұрады.