РУХАНИ ДЕҢГЕЙІ ЖОҒАРЫ ҚОҒАМДА ТҰРАҚТЫЛЫҚ БОЛАДЫ

0
75

Мемлекеттің бәсекеге қабілетті елдер қатарында қарқынлды дамуы үшін, оның ішкі саяси-қоғамдық жағдайының тұрақтылығы маңызды. Қоғам тұрақтылығын бұзып, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге кедергі келтіретіндер көкірек-көзін шел басқан, түрлі теріс ағымдардың айтағына еретіндер. Сол себепті де елдің әлеуметтік жағынан дамуының деңгейі жоғары болуы үшін экономикалық мәселелермен қатар рухани мәселелерді де дұрыс шешу, ұтымды ұйымдастыру қажет. Азаматтар жан-жақты дамыған, отаншыл, рухани ұстанымы жоғары, мәдени жағынан дамыған болса ол елде қоғамдағы тұрақтылыққа қауіп жоқ.
Ал, рухани азық іздеген көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы — кітапхана. Себебі кітапхана — руханият ордасы.
Отырар ауданы бойынша оқырмандарға қызмет көрсетіп келе жатқан 25 кітапхана бар. Оның 23-і ауылдық кітапхана болса, 1 аудандық орталық кітапхана, 1 орталық балалар кітапханасы. Бұл кітапханалардың жалпы кітап қоры биылғы жылы — 298 533 кітапты құрады. Соның ішінде аудандық орталық кітапхананың кітап қоры – 56 504 кітап болса, балалар кітапханасының кітап қоры – 23 274 кітапты құрайды. Ал, 2024 жылы кітапхана қорына 3544 жаңа кітаптар келіп түсті.
Кітапхана қорындағы кітаптарды оқуға деген оқырманның да қазіргі таңда саны артып келеді. Әрбір кітапхана мен кітапханашы өз оқырмандарымен үздіксіз жұмыс жасауда. Соның нәтижесінде 2024 жылы барлық оқырман саны – 24385 жетсе, келушілер саны 223 212 оқырманға жетіп, бұл оқырмандарға жыл көлемінде — 421 819 кітап оқуға берілген.
Аудандық орталықтандырылған «Отырар» кітапхана жүйесі бойынша 25 кітапхананың қызмет түрлерін цифрландыру жүйесіне көшіріліп, «MEGA-РАБИС» бағдарламасы бойынша жұмыс жасауда. Бұл бағдарлама бойынша электронды каталогтау, іздеу қызметтері оқырмандарға электронды түрде қызмет көрсетіп отыр.
Сонымен қатар 2024 жылы жыл көлемінде өткізілген көпшілік мәдени іс-шаралар саны 525-ке жетті. Оның ішінде 106 іс-шара онлайн өткізілсе, 419 іс-шара офлайн түрде өткізіліп, 19 352 оқырман іс-шараға қатысты.
Қадыр Мырзалиевтің туғанына 90 жыл толуына орай — «Қазақтың – Қадірі» атты әдеби сазды кеш өткізілді. Бұл кеш қазақтың сөз өнеріне өлшеусіз үлес қосқан ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттап, ұрпақ санасына жеткізу мақсатында ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – Қадыр Мырзалиевтің әдеби мұрасын ұлықтау, оның поэзиясының тереңдігін, ойшылдығын және халыққа деген адал қызметін көрсету болды. Кеш барысында ақынның еңбектері тыңдармандарға жетіп, оның өлеңдері мен жырлары арқылы қазақ халқының рухани байлығын паш ету көзделді. «Қазақтың – Қадірі» атты әдеби сазды кеште Қадыр Мырзалиевтің өлеңдері мен шығармалары музыкамен ұштастырылып, өнерпаздардың орындауында халыққа ұсынылды.
Бұл шара, сондай-ақ, жас ұрпаққа әдебиеттің, өнердің және қазақ тілінің маңыздылығын түсіндірудің алаңына айналды. Қадыр Мырзалиевтің шығармашылығы әрдайым рухани азық беріп, қазақ әдебиетінің асқақ жұлдызы болып қала береді.
Аумақтық мекемелер ғимаратының мәжіліс залында этносаралық татулықты сақтау, діни экстремизмнің алдын алу бойынша Бұқаралық спортты дамыту клубының қызметкерлері және спорт нұсқаушыларымен кездесу өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Тажыбеков, аудандық Жастар ресурстық орталығы басшысының м.у.а. Ж.Құрбанәлі, спорт клубының қызметкерлері қатысты.
Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Букебаев ашып, жүргізіп отырды. Онда этносаралық татулықты нығайту, діни экстремизмнің алдын алу бойынша елдімекендерде спорттық іс-шаралар мен жастардың қатысуымен спорттық ойындар өткізу қажеттігін жеткізді.
Жиында аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрғазы Тажыбеков пен аудандық Жастар ресурстық орталығы басшысының м.у.а. Жандос Құрбанәлі сөз сөйлеп, діни экстремизмнің алдын алу, этносаралық татулықты нығайту, ұлттық құндылықтарды насихаттаудың маңызы жоғары екендігін айтты.