АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСІП, ЖҰМЫС БАРЫСЫН БАҒАМДАДЫ

0
80

Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиында салық түсімдерін ұлғайту мәселесі талқыланып, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы қаралды. Қоғамдық саяси ахуал тұрақтылығын бақылау бойынша атқарылған жұмыстар талқыға алынды.
Күн тәртібіндегі мәселелер негізінде сала басшылары баяндама жасады. 2024 жылдың қорытындысымен жергілікті бюджетке 8 104 млн теңге салық түссе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 8526 млн теңгені құрайды деп күтілуде.
Аудандағы егістік көлемі 64 966 га аумақты құрайды. Шаруаларды минералды тыңайтқыштармен, жанар-жағармаймен қамтамасыз ету жұмыстары толығымен орындалуда. Өткен аптада “Аграрлық Несие Корпорациясы” АҚ өкілдерінің қатысуымен ауданның ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне “Кең дала 2” бағдарламасы аясында көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге қажетті несие алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қоғамдық саяси ахуалдың тұрақтылығы басты назарда болуы тиіс. Қоғамдық ахуал тұрақты болса, экономика дамып, әлеуметтік мәселелер шешіледі. Бұл бағыттағы жұмыстар аудан әкімінің назарында.
Күн тәртібіндегі мәселелер толық қаралып, аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, мәселелердің іске асуын өз бақылауында ұстайтындығын жеткізді.
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында бекітілген кестеге сай, Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келгендер негізінен тұрғын үй кезегіне қатысты туындаған сұрақтарын қойып, балалар ойын алаңшасын орнату, көпқабатты үйлер ауласын жөндеу, ішкі көшелерге асфальт төсеу мәселелерін сөз етті. Сондай-ақ, ауыз су сапасына, жоғары кернеулі трансформатордың қуаттылығына қатысты шағымдарын жеткізді. Жеке кәсіпкер «Шұғыла» тігін цехының жұмысымен таныстырса, инвестор аудан орталығынан жекеменшік мектеп ғимараты құрылысы үшін жер телімін қарастыруды өтінді. Сонымен қатар, азаматтар әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу мәселелерін сөз етті. Жеке меншіктегі жер телімінің санатын өзгертуді сұранып, инвестициялық жобасымен таныстырды. Жер, жол, кәріз жүйесіне қатысты мәселелерді ортаға салды.
Аудан басшысы тұрғын үй кезегі заңға сәйкес жүргізілетінін түсіндірді. Ешкім өз кезегінен тыс пәтер алмайтынын айтты.
Қабылдауға келгендердің өтінішін жеке-жеке тыңдаған аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы көтерілген әрбір мәселе зерделеніп, заң шеңберінде шешімін табатынын жеткізді. Жауапты тұлғаларға тиісті тапсырмалар беріліп, барлық өтініштердің орындалуын бақылауға алу үшін хаттама толтырылды.
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров Кемеқалған ауылдық округіне іс — сапармен барып, ел жағдайымен танысты.
Абай елді мекеніндегі «Қошқар ата» су тоғанына мембрана төсеу жұмыстарына назар аударды.
«Қазығұрт бақтары» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің, алма шырынын дайындау цехының жұмысына көңіл бөлді. Кемеқалған ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратын аралады. Ақбастау елді мекеніндегі ескі мектеп ғимаратының жай-күйімен танысты.
Ақбастау жалпы орта мектебінде елді мекен тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар аудан әкіміне өздерін толғандырған сұрақтарын, ұсыныс пікірлерін жеткізді.
Округ тұрғындары спорт кешенінің құрылысын аяқтау, мәдениет үйін тұрғызу, бұрынғы «Родничок» лагерін қайта жаңғыртып, іске қосу, Алғабас елді мекені мен Ақбастау елді мекенін жалғайтын жол салу, Қарақия елді мекеніндегі ішкі көшелерді жөндеуден өткізіп, мектеп ғимараты жанынан спорт зал салу мәселелерін көтерді. Округке аурухана салынса, Қаратөбе ауылының атауы өзгертіліп, мектеп құрылысы жүргізілсе, аудан орталығына қатынайтын қоғамдық көлік жүргізілсе деген ұсыныстарын айтты.
Аудан әкімінің халықпен кездесуінде айтылған мәселелерге хаттама түзілді. Көтерілген мәселелердің заң аясында шешу жолдары қарастырылады.
Төлеби ауданы әкімінің округтың тыныс-тіршілігімен танысуға арналған іс-сапары Киелітас ауылдық округінде жалғасын тапты. Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров «Qazaqbitum» ЖШС-нің жұмысымен танысты.
Киелітас елді мекеніндегі Мәдениет үйінің құрылысына назар аударып, мердігер мекеме өкілдерімен кездесті. Ауылдық округтегі Мәдениет үйінің құрылысы 2023 жылы басталған. Мердігер мекеме «ГрадСтройСервис» ЖШС-і, «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында салынып жатқан мекеме ғимаратының құрылысы 2025 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Аудан әкімі туындаған мәселелердің шешу жолдарын қарастыруды сала басшыларына тапсырды.
Төлеби ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында 2024 жылдың наурыз–маусым және қыркүйек–желтоқсан айларындағы азаматтарды мерзімді әскерге шақыру науқанын қорытындылау мақсатында жиын өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев төрағалық етті. Мерзімді әскери қызметке шақырудағы негізгі міндет Қарулы күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жас сарбаздармен сапалы және уақытылы жасақтау. Жиын барысында әскерге шақыру науқанында көрсетілген меженің орындалу барысы талқыланды.
2025 жылы Төлеби ауданы бойынша көктемгі әскер қатарына шақыру мақсатында 5866 жасты зерделеуден өткізу жоспарлануда. Әскер қатарына шақырушыларды зерделеу жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы кесте бекітілді.
Сондай-ақ, күзгі шақыру науқанында өзінің кәсіби біліктілігін жоғары деңгейде көрсеткені үшін ауылдық округ мамандары аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.