АУДАНДА АНА МЕН БАЛА ДЕНСАУЛЫҒЫНА МӘН БЕРІЛУДЕ

0
44

Түлкібас ауданында халыққа мемлекеттіктен бөлек медициналық қызмет көрсететін 2 жеке меншік медициналық орталық бар. Оларда 15 мыңнан астам аудан тұрғындары тіркелген болса, орталық ауруханада 83 мыңнан астам адам тіркеуде тұр.
Аудан басшысы Аскар Сұлтанұлы «Алатау» және «Балбөбек» медициналық орталықтарына арнайы ат басын бұрып, жұмысымен танысты.
Алғаш болып «Алатау» медициналық кешеніне табан тіреген аудан әкімін орталық басшысы Абдуалиев Рүстем Арыстанұлы қарсы алды. Ол мекеменің бүгінгі тыныс-тіршілігін таныстырып, толық ақпарат берді. Сонымен қатар, халыққа медициналық қызмет көрсетіп келе жатқан орталықтың дәрігерлерін таныстырып, түрлі ем-дом бөлмелерін, ондағы түрлі аппараттардың негізгі функцияларын жіті айтып берді.
Рүстем Арыстанұлы бұл орталыққа келушілер мен тіркелушілер санының жыл сайын артып жатқанын тіліне тиек етті. Аудан бойынша жалғыз осы нысанға тиесілі гемодиализ орталығына аймақ басшысын арнайы апарды. Мұнда бүйрек жеткіліксіздігіне шалдыққан науқастар қабылданады. Аймақ бойынша 33 азамат осында келіп, ем-дом алатының атап өтті. «Тек қана осы орталыққа тіркелген азаматтар ғана ем алуға қауқарлы ма?» деп сұраған аудан басшысының сауалына
-Мұнда Қазақстан Республикасының кез-келген азаматы өзінің диагнозын, күні бүгінге дейін гемодиализ қабылдап жүргенін көрсете алса ақысыз, тегін ем қабылдай алады. Бізде қаладан, басқа өңірлерден, тіпті шипажайларда ем алуға келген демалушылар да қажеттілігі туындаса келіп, ем алады. Өйткені, ондай науқастар бұл ем-шараға тәуелді,- деп Рүстем Арыстанбекұлы жауап берді.
Аудан әкімінің кезекті аялдамасы «Балбөбек» медициналық орталығы болды.
Мұнда тіс дәрігеріне жазылған 0-18 жасқа дейінгі, көп балалы аналар, «Күміс алқа» және «Алтын алқасы» бар науқастардың тегін ем қабылдай алуға мүмкіндігі бар. Логопед-дефектолог, массаж мамандары да күнделікті жұмыс жасауда.
Қос кешеннің жұмысын бақылаған Асқар Сұлтанұлы мекеме басшыларына бәсекеге қабілеттілікті және қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында замануи құрылғыдармен қамту керектігін атап өтті.
Аудан әкімі Аскар Естибаев Машат ауылдық округіне қарасты Мыңбай ауылындағы Жамбыл мектебі мен ауылдық клубы, Машат ауылындағы Әуезов, Еңбек ауылындағы Тұрсынбеков мектебінде болып, білім мекемелерінің бүгінгі жағдайын бақылап, ондағы өзекті меселермен танысты.
Нысандарды жауаптылармен толық аралап, құрылғыларын жаңарту, жылу жүйесіндегі ақаулықтарды ретке келтіру, ауласын қоршау, әжетханаларын талапқа сай ету және т.б. анықталған кемшіліктерді ретке келтіру бойынша білім бөлімінің өкіліне бағынышты басқармаға ұсыныс жолдауды тапсырып, аймақтағы барлық білім беру ұйымдарының кем-кетік тұстарын анықтау бойынша мониторинг жүргізуді ескертті.
Ал, аудандық тиісті мекеменің теңгеріміндегі Мыңбай ауылдық клубының жылу жүйесін ретке келтіру, ауыз су тарту, қоршауын реттеу бойынша жауапты бөлімге тиісті құжаттар дайындап, қаржы қарастыруға жұмыстар жасауды тапсырды.
Сонымен қатар, Асқар Сұлтанұлы Мыңбай ауылындағы 200 балаға шақталған жеке меншік «Тайкелтір» балабақшасының жұмысымен танысып, Еңбек ауылындағы жаңадан бой көтеріп жатқан 75 орындық жеке меншік балабақшаның құрылысын бақылады.
Қазіргі таңда «Тайкелтір» балабақшасында 5 елді мекеннің 180 баласы тасымалданып, тәрбие-білім алуда.
Нысанды толық аралап шыққан Асқар Сұлтанұлы кәсіпкердің жұмысына оң бағасын беріп, кәсібін ұлғайту бойынша ұсынысына қолдау білдіретіндігін жеткізіп, Еңбек ауылындағы бой көтеріп жатқан балабақшаның құжаттарын реттеуге көмек беруге жауаптыларды міндеттеп, кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.
Сонымен қоса, аудан басшысы аталған округте тұрығындар тарапынан түскен жол саласына қатысты нысанда болып, мәселені шешу жағын пысықтады.

Жалпы 11 гектарға жуық аумақта орналасқан қоқыс полигоны 2007 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Нысан 2023 жылы «Түркібасы коммуналдық шаруашылығы» ЖШС сенімгерлікке берілген.
Аудан әкімі Аскар Естибаев жауаптылармен аталған полигонға арнайы барып, жұмысын бақылады. Ол жердегі қоқыс тастайтын орын мен сұрыптау цехінің жұмысымен танысып, аудан үшін маңызды істі жүргізіп отырған кәсіпкер Жартыбаев Келеспен алдағы жоспарларды талқылады.
Аудан аумағындағы 37 елді мекенге қызмет көрсетіп келе жатқан серіктестікте бүгінгі таңда 5 арнайы техника мен 26 азамат жұмыс атқарады. Алдағы уақытты Қытай елінен арнайы қоқыс тасымалдауға лайықталған қосымша 2 техниканы алуды жоспарлап отыр.
Аудан басшысы қоқыс өндеу орнының жұмысын жандандыру, мемлекеттік қолдаулар арқылы техникалар алу сынды ұсыныстарын білдіріп, қажет болған жағдайда көмек беруге дайын екендігін жеткізді.
Айта кетерлік, бүгінгі таңда полигонындағы қоқыс өндеу цехі арқылы айына шамамен 6 тоннаға жуық пластик, шыны, қағаз, темір ыдыстар өнделуде. Және де санитарлық талаптарға сай қылу мақсатында айналасын көгалдандыру жұмыстары бастау алып, әкімдік тарапынан оған қажетті ауыз жеткізілген.