
Қазақстан Республикасының Президент өз Жолдауларында еліміздегі қоғамдық ахуалдың оның ішінде азаматтардың күнделікті өмірдегі қауіпсіздігін, әсіресе балаалрдың қауіпсіздігін қорғау мен қамтамасыз етудің маңыздылығын үнемі атап айтып келеді. Жас ұрпақ балалақшадан бастап, мектеп қабырғасында және одан кейін де қоғамымызда өзін қауіпсіз сезініп, еркін де бұла болып өсіп-өркендеуін мемлекеттің тиісті органдары мен мекемелері, мектептер мен құқық пен тәртіп сақтаушылары қамтамасыз етуге тиісті. Түркістан облысында балаларды қорғау және оларға қамқорлық жасап, алаңсыз өмір сүруі үшін барлық мүмкіндіктер жасалынуда. Жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен қатар олардың тәрбиесі мен тәртібін де назардан тыс қалдырмауға тырысады. Облыстық жергілікті полиция басшылығы жасөспірімдер тәрбиесін басты назарға алған.
Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ермек Өсербаев, Жетісай ауданында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тексеру жүргізді. Яғни мектептерге орнатылған бейнебақылау камераларының жұмыс жасауы, күзетшілердің қызметі, дабыл батырмасы мен турикет жұмысын бақылауға алды. Анықталған кемшіліктер бойынша мектеп басшылығына ескертіп, қалпына келтіру туралы ұсыныс берді.
Сонымен қатар мектеп мұғалімдері, ата-аналар, оқушылармен кездесу өткізді. Онда жасөспірімдер арасында орын алып жатқан құқық бұзушылықтар бойынша айтылды. Жиналғандарға арнайы түсірілген бейнеролик көрсетіліп, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жағдайда қарастырылатын жауапкершілігі түсіндірілді.
Оған қоса сағат 23:00-ден 06:00-дейін жасөспірімдердің тұрғын жайдан тыс жерде заңды өкілінсіз жүруіне болмайтындығы ескертілді. Мұндай жағдай анықталса, Әкімшілік кодекс бойынша ата-аналары жауапкершілікке тартылатыны ұғындырылды.
Жиын соңында көпшілік тарапынан қылмыстың алдын алу бойынша ұсыныстар берілді. Алдағы уақытта бірлесе отырып, бала тәрбиесіне баса назар аударылатыны айтылды.
Төлеби ауданындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушілері «Тау самалы» демалыс аймағына саяхатқа барды.
Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұловтың ұйымдастыруымен «Таудағы бір күн» тақырыбымен өткен саяхатта балалар аспалы жолмен таудың биік нүктесіне шықты. Демалыс орнын жоғарыдан тамашалап, тюбингпен, шанамен сырғанады.
Өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуді мақсат еткен саяхатқа жалпы 54 бала барған.
Шара барысында балаларға «Шымкент цирк» мекемесі тау баурайына арнайы келіп, өнер көрсетті. Жастар ресурстық орталығының мамандары балалар арасында түрлі жарыстар ұйымдастырып, жеңімпаздарды құнды сыйлықтармен марапаттады.
Айта кетсек, тауға саяхат дәстүрі жыл көлемінде жалғасын табады.