БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢҒЫРТУЛАР ОҚУШЫ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРАДЫ

0
61

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес таяудағы үш жыл ішінде еліміздің барлық өңірінде 1231 мектепті реновациялау жоспарлануда, оның ішінде 820 мектеп ауылдық жерлерде орналасқан. Қазақстанда орта білім беру ұйымдарының 67%-ы (5236 мектеп) аудандық және ауылдық жерлерде орналасқан, бұл білім беру ошақтарында 1,6 миллион бала оқиды. Қалалық және ауылдық мектептер үшін бірыңғай білім беру стандарттары енгізілуде
Оқу-ағарту министрлігімен мектептерді реновациядан өткізудің жиынтық жоспары бекітілді, облыс әкімдіктері 2025-2027 жылдарға арналған өңірлік жоспарларды әзірледі. Реновациядан өткізуде мектептерді күрделі жөндеу, заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапханалар мен асханаларды жаңғырту, спорт залдарын салу немесе реконструкциялау, қоғамдық кеңістіктерді жабдықтау, сондай-ақ қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз ету қарастырылған.
Бұл шаралар мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, инновациялық білім беру технологияларын енгізуге және педагогтердің біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жоба үш жылда жүзеге асырылады: 2025 жылы 262 мектеп, 2026 жылы 436 мектеп, 2027 жылы 466 мектеп. Қосымша 2028-2029 жылдары Жамбыл облысында 67 мектеп жаңғыртылады.
Сонымен бірге алдағы кезде Мемлекеттік тапсырыс белгілі бір білім беру мекемесіне байланбайтын болды. Соның нәтижесінде, ата-аналар балабақшаны өздері таңдауға мүмкіндік алды. Аталған жоба қаншалықты тиімді, орынды екенін қарау керек. Егер талапқа сай болса, бұл тәжірибені орта білім беру саласына енгізуге болады. Тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір баланың білім алуына қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің міндеті.
Ел Президентінің білім саласын реформалауды жалғастыру бойынша алға қойған міндеттеріне сай Қазақстанда мектептерді реновациялау бойынша ауқымды жоба және мемлекеттік тапсырысты белгілі бір білім беру мекемесіне байланыстырмау арқылы еліміз бойынша балалардың сапалы да жайлы, заман талабына сай қажетті жабықтармен, құралдармен толық қамтылған мектептерде білім алуына мүмкіндік жасалынуда. басталды: қалалар мен ауылдарда білім беру жағдайы жақсара түседі
Сол сияқты әлемдік білім беру үрдістеріне ілесу және инновациялық білім беру деңгейіне көтерілу үшінРеспублика бойынша қалалық және ауылдық мектептер үшін бірыңғай білім беру стандарттары енгізілуде. Бұлай жасау қалалық жердегі немесе шалғай ауылды жердегі орналасқан орта мектепті бітіргеніне қарамастан екеуінде білім алған балалардың білім алу мүмкіндігі теңестіріледі.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес таяудағы үш жыл ішінде еліміздің барлық өңірінде 1231 мектепті реновациялау жоспарлануда, оның ішінде 820 мектеп ауылдық жерлерде орналасқан. Бұл деген сөз соншама ауылдық мектептің ғимараттарының жағдайы мен білім алуға қажетті жабдықталуы, пән кабинеттеріндегі құралдар яғни материалдық-техникалық жағдайлары қала мектептерімен бірдей болады деген сөз. Оған қоса бірыңғай білім беру стандарттары енгізілгендіктен алдағы кезде бүкіл республика аймағында орналасқан жеріне қарамастан барлық білім беру мекемелеріндегі, яғни орта мектептердегі оқушылардың мүмкіндіктері теңеседі.
Реновациялаудың арқасында барлық мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуға, инновациялық білім беру технологияларын енгізуге және педагогтердің біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша білім саласына жасалған жаңғыртулар мен реформалардың негізінде қазақстандық оқушылар білім деңгейі бойынша әлемде биік сатыға көтерілуіне жол ашылады. Қазірдің өзінде Қазақстанның көптеген аймақтарының оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық, тіпті дүниежүзілік пән олимпиадаларына қатысып, олардан жеңімпаз, жүлдеген болып оралып жатыр. Алдағы кезде бұл үрдіс арта түсері анық.
Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты №71 жалпы білім беретін мектебі ұлттық тәрбиеге айырықша көңіл бөліп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуде ерекше бастама көтерді. Мектеп ұстаздары оқушылардың қоңырау уақытын пайдалы әрі қызықты өткізу мақсатында ерекше әдіс енгізді. Бұл – ұлттық тәрбиеге негізделген асық ойнау дәстүрі. Мектеп директоры қоңырау уақытында балалармен асық ойнап, ұлттық ойындарды қайта жаңғыртуда. Аталмыш бастама арқылы оқушылардың дәстүр мен мәдениетке деген құрметін арттырып қана қоймай, оларды дәлдік пен ширақ болуға машықтандырады.
Мектеп оқушылары 1000-нан аса асық жинап, ұлттық ойынмен айналысуға өздері құлшыныс танытқан. Ұлттық ойын алғаш рет мектепте ұйымдастырылған аудандық әкелер мектебінің жиынында қолдау тапты.
Қазіргі уақытта игі бастама жалғасын тапқан. Мектеп оқушылары үзіліс кезінде де асық ойнап, белсенділігін арттыруда.
– Біз балалардың ұлттық құндылықтарға жақын болуын қалаймыз. Асық ойнау тек қызықты ойын ғана емес, сонымен қатар бұл ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа мирас болған мұра. Осы дәстүрді жаңғырту арқылы оқушыларымызды ұлттық құндылыққа, мәдениетке құрметпен қарауға тәрбиелейміз. Асық ойыны – тұнып тұрған тәрбиенің көзі. Ал білім мен тәрбие қашанда егіз болуы керек, – дейді мектеп директоры Абылай Бердихожаев.
Балаларды ұлттық спорт түріне баулыған мектеп ұстаздары «асық» спорты үшін мектепте арнайы бөлме жабдықтап, үйірме ашуды көздеп отыр. Ұлттық спорттың бұл түрі денсаулыққа тигізер пайдасынан бөлек, оқушылар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтады дейді. Бұл бастама ата-аналар мен оқушылардың арасында үлкен қолдау тауып, мектептің ерекшелігіне айналған. Ендігі кезекте мектеп ұжымы ұлттық ойындар тек білім ордасының аумағында ғана емес, балалардың бос уақытында да жалғасып, кеңінен таралады деген сенім білдіріп отыр.