ТҰТЫНУШЫ ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ МЕН ҚҰҚТЫҚ САУАТТАНДЫРУ МАҢЫЗДЫ

0
55

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңдылық пен тәртіпке бағынатын мемлекет құру үшін қарапайым азаматтардың конституциялық және күнделікті тұрмыстағы құқықтарының сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз ету қажет. Сол сияқты азаматтардың өз құқығын білуі мен қорғауы үшін күнделікті өмірдегі құқықтық сауаттылығын арттырудың маңыздылығын да айтқан болатын. Мәселен, азаматтардың күнделікті тұрмыстағы тұтынушылық құқығының сақталуын алайық.
Бәріміз де түрлі тауарлар мен қызметтерді тұтынып жатамыз. Біз – сатып алушымыз, емделушіміз, жолаушымыз, оқырманбыз, демек тұтынушымыз. Әрбір адам сауатты, өркениетті тұтынушы болу, сондай-ақ тұтынушылық құқығы мен мүддесін қорғай алу үшін қажетті білімге ие болуы керек. Өкінішке қарай, тауарларды сатып алу мен қызметтерді пайдалану барысында сапасыз тауарларға немесе сатушы мен қызмет көрсетуші тарапынан болатын жауапсыздыққа ұрынып жататын кезіміз бар. Демек, бұл тұтынушы құқығы жиі бұзылады деген сөз. Ал бізде тұтынушы құқығы қалай қорғалып жүр? Өз құқығымызды білеміз бе?
Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тұрғындарға дер кезінде ақпарат беріп, оларды қаржылық сауаттандыра отырып, өз құқықтарын сақтауды үйретеді. Бұл бағытта департамент мамандары түрлі шаралар ұйымдастырып отырады. Жалпы халықтың тұтынушы ретінде өз құқықтарын білгені олардың өмір сүру салтына тікелей әсер етеді. Қазіргі кезде дүние жүзі мемлекеттерінің заңдары БҰҰ Бас Ассамблеясының Тұтынушылар құқығын қорғаудағы негізгі қағидаларын басшылыққа ала отырып, құқықтық сауаттылыққа шақырады. Мәселен, тауардың қауіпсіздігі, ақпарат құқығы, тауарды таңдау, өз мүддеңді жеткізе алу, негізгі қажеттілігіңді қанағаттандыра алу, шығынның орнын жабу сынды қағидаларды сақтау маңызды.
Ал біздің елімізде тұтынушылардың заң бойынша тауарларды иеленуге, яғни еркін шарт жасасуға, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ағарту және тұтынушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері жиі айтылады. Кез келген тұрғын құқықтық сауаттылығын арттыруға, тауар туралы және сатушы жайлы ақпарат алуға құқылы. Сондай-ақ тұрғындардың қауіпсіз тауарды сатып алуы және оның тиісті сапасына қарауы маңызды. Бүгінде тұтынушы тиісті де, тиісті емес сападағы тауарды айырбастап алу немесе қайтарып беру, тұтынушылардың көрсетілген қызметінің кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген залалды толық көлемде өтеп ала алады. Сондай-ақ, сатушыдан тауарды сатып алу фактісін растайтын құжатты немесе тауарды сату кезінде жасалған шартты алу құқығы қарастырылған. Бұдан бөлек ұтыс түрінде берілген тауардың сапасы бойынша ойындардың ұйымдастырушысына кінә қоюға, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерін құруға, моральдық зиянды өтеуде заң тұрғысынан қорғалған. Қазақстанда тұратын азамат Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалған және өз құқығын дәлелдей алады.
Егер тұтынушы ретінде құқығыңыз бұзылған жағдайда Түркістан қаласы, Жаңа қала шағынауданы, 32-көше, 16-ғимарат, А-блок, 4-қабат, 427-бөлме, Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгіне аласыз.
Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті.
***
Тұтынушылардың құқығын бұзудың алдын алу мақсатында департамент бірнеше маңызды кеңестер ұсынады:
Тауар туралы ақпаратты мұқият зерделеу: оның кепілдік мерзімі мен жарамдылық мерзімін тексеру.
Күмәнді интернет-ресурстардан тауар сатып алмау және сатушының байланыс деректерін тексеру. Өз құқықтарыңыздың бұзылғанын анықтаған жағдайда, фотосурет немесе бейнемазмұн арқылы дәлелдер жинақтау.
Бұл кеңестер тұтынушылардың өз құқықтарын қорғау үшін маңызды қадам болып табылады. 2024 жылы Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті өз жұмысын жоғары деңгейде атқарып, облыс тұрғындарының құқықтарын қорғау мен олардың мәселелерін шешу бойынша айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Қазіргі уақытта тұтынушыларға құқықтық көмек көрсету жүйесі күннен-күнге жетіліп, азаматтардың құқықтарын қорғауда тиімді шаралар қабылдануда. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттырып, әділеттілікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Департаменттің ұстанған принциптері мен әдістері тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы ең тиімді тәжірибелердің бірі ретінде танылды және алдағы жылдары да бұл бағытта нәтижелі жұмыстар жүргізіледі.
Егер өз құқығыңыз бұзылса, дүкен сөрелерінде тауар бағалары көрсетілмегенін байқасаңыз, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы өскенін байқасаңыз немесе сапасыз қызмет алған жағдайда Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне шағымдана аласыз.