ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚАРҚЫНЫН АРТТЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

0
38

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттің қарқынды дамуы үшін өңірлердің жұмысын жолға қойып, инфрақұрылымдарын сапалы етіп жаңғырту, тұрғындарды сапалы ауызсу, газ, электр, автокөлік жолдарымен тұрақты қамтамасыз ету де маңызды екенін айтқан болатын. Түркістан облысының әкімдігі бас болып аймақтың барлық өңірлерінде әлеуметтік-экономикалық дамудың қарқынын арттыру, тұрғындардың жайлы өмір сүруін, сапалы инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелерімен жергілікті әкімдіктер жоспарлы түрде шұғылданып келеді.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев арнайы жұмыс сапарымен Жібек жолы ауылдық округіне барып, бірқатар нысандардың құрылыс жұмыстары бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
Алдымен, Жібек жолы елді мекенін ауыз сумен қаматамасыз ету мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Қазіргі таңда, мердігер мекеме тарапынан елді мекенге қарасты көшелерге ішкі құбырларды тарту жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысын бақылаған аудан әкімі мердігер мекеме өкілдеріне құрылысты жоспар бойынша мерзімінде және сапалы аяқтауды, сонымен қатар, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Әнуар Құрбановқа жұмыс барысын қадағалауды тапсырды.
— Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінен түспейді. Осы орайда, аудан тұрғындарын таза тіршілік нәрімен қамтамасыз ету үшін кезең-кезеңімен, жоспарлы жұмыстар атқарылып келеді. Атқарылып жатқан жұмыстар сапалы және мерзімінде аяқталуы қажет, — деді Арман Абдуллаев.
Келесі кезекте «Жібек жолы» кеден бекеті маңында салынып жатқан Сарыағаш ауданы полиция бөлімі, жергілікті полиция бөлімшесіне арналған ғимараттың құрылыс жұмыстарының барысын саралады. Бүгінде, ғимараттың ішкі сылақ жұмыстары жүргізілуде, жалпы құрылыс жұмыстарына 25 жұмысшы жұмылдырылған.
Құрылыс алаңында болған аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне құрылыс жұмыстарына сапалы материалды қолдануды, құрылыс жұмыстарының қарқынын күшейтуді тапсырды.
Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы жылдың төрт мезгілінде де үздіксіз әр апта сайын жалғасып келеді. Оған облыстың барлық қалалары мен аудандарының, елдімекендерінің азаматтары белсенді атсалысып, өз өңірлерінің, қала, ауылдарының, көшелері мен алаңдарының тазалығын тұрақты сақтауға үлес қосып келеді. Өткен аптаның сенбісінде де облыс аумағында сенбіліктер жаппай өткізілді.
Сенбілік – бұл тек қана тазалық жұмыстары жүргізілетін күн емес, ол әрбір азаматтың қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінетін, өзінің туған жеріне деген махаббатын көрсететін ерекше күн.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілген 01 ақпан күнгі жалпы сенбілік Мақтаарал ауданының аумағында үлкен тазалық жұмыстарының орындалуына себеп болды.
Сенбілік барысында 17 тоннадан астам күл-қоқыс шығарылып, бұл қоқыстар аудан аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигонға төгілді. Сонымен қатар, шараға 14 техника бірлігі мен 1354 адам қатысты, олардың арасында бюджеттік қызметкерлер, еріктілер және жергілікті тұрғындар болды.
«Қоқыс тастау, экологияға зиян келтіру – бұл адамзаттың табиғатқа жасаған қиянаты. Сенбіліктер арқылы бұл мәселені шешіп, табиғатқа деген сүйіспеншілікті насихаттай аламыз. Өйткені, табиғаттың әдемілігі, оның тазалығы – барша адамзатқа ортақ байлық. Сенбілік – осы байлықты қорғау және сақтау жолындағы маңызды қадамдардың бірі» — деді, сенбілікті ұйымдастырушылар.
Бұл іс-шара аумақтың тазалығын қамтамасыз етіп, тұрғындардың экологиялық сана-сезімін арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.