«АТАДАН ӨСИЕТ, АНАДАН ҚАСИЕТ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

0
46

ҚР Президенті жас ұрпақ тәрбиесі – мемлекеттің жарқын болашағының кепілі, сондықтан да мемлекет, мектеп, отбасы болып балаларды отаншылдыққа, жалпы адамзаттық құндылықтарға, ұлттық дәстүрге сай тәрбиелеп, заманауи талаптарға сай білім беру барлығымыздың басты міндеттеріміздің бірі, екендігін айтқан болатын. Жас ұрпағы тәлімді тәрбие, сапалы білім мен ұлттық рухани құндылықтарға сусындап өскен елдің болашағы жарқын болары анық. Қазақстанда осы құндылықтарға қоса қазақ халқы мен басқа этностар өкілдері өзара ынтымақ пен бірлікте өмір сүруге дағдылануы қажет. Түркістан облысында осы бағыттағы жұмыстар атқарылуда.
Сайрам ауданы, Қарасу ауыл округіне қарасты Н.Шойынбаев атындағы жалпы білім беру мектебінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Атадан өсиет, анадан қасиет» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге «Қоғамдық Келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Сайрам аудандық филиалының қызметкерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Сайрам аудандық Ақсақалдар кеңесінің алқа мүшесі Байназар Әлібек, Аналар кеңесінің мүшесі Гулзия Шаллабаева, мәдениет қайраткері, аудандық Әкелер мектебінің төрағасы Сейдуалы Темірбаев қатысты.
Ә.Байназар өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық – бұл біздің жалпыұлттық міндетіміз. Балаларға ерекше назар аудару керек. Себебі, олардың амандығы – мемлекетіміздің жарқын болашағының сенімді кепілі» деген болатын.
Қазіргі заман бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. «Ұлтыңды сақтаймын десең — қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле» дейді халық даналығы. Тәрбие арқылы адам тағдыры шешілетінін, оның білімді тұлға болып қалыптасатынын, елдің берік тірегі болатынын уақыт көрсетіп отыр. Бүгінгі жас ұрпаққа қамқорлық жасап, оларды ізгілікке, адамгершілікке, отаншылдыққа, ұлтжандылық пен мемлекеттік тілге деген құрметке тәрбиелесең ғана еңбегің жемісті болмақ – деп өз ойын жеткізді.
Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына тұшымды жауаптар алды
Сонымен бірге бала тәрбиесіне, азаматтық қалыптасуына отбасының да тигізер ықпалы үлкен. Сол себепті мемлекеттің отбасы туралы саясатын жүзеге асыру отбасы мен ана мен бала қауіпсіздігі мен қорғалуы мәселелеріне облыс аумағында көңіл бөлінеді.
Аудан аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында жасалатын қылмыстардың алдын алу және олардың жолын кесу мақсатында 2025 жылғы 20-29 қаңтар аралығында «Тұрмыс» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Осыған орай, Сайрам Ауданының Полиция Басқармасының қызметкерлері отбасылық құқықбұзушылық туралы заң талаптарын негізге ала отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға атсалысуда.
Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық Келісім» КММ Сайрам аудандық филиалының басшысы Базарбай Айтбаев бір тараптан, Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі Департаментіне (ҚАЖ) қарасты Сайрам аудандық пробация қызметі бөлімінің бастығы, әділет аға лейтенанты Бәйдібек Жолдасбеков екінші тараптан мекемелер арасындағы байланысты күшейту мақсатында өзара түсіністік және әріптестік туралы Меморандум түзді.
Мақсаты — пробация қызметі есебінде тұратын қоғамнан оқшалаумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғаларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, олардың қайта қылмыс әлеміне оралмауына, қылмыстық істер жасауының алдын алып, сотталғандарды жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейін қысқарту.
Меморандум негізінде Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Шухратулла Убайдуллаев Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық Келісім» Сайрам аудандық филиалы мен Сайрам аудандық пробация қызметі бөлімімен 2025 жылы тұрақты түрде атқарылатын жұмыс жоспарын бекітті.
Тараптар бірлескен жұмыс жоспары негізінде біршама келіссөздерге қол жеткізді.