БАЛАНЫҢ САПАЛЫ БІЛІМ АЛУЫНА ҚАЖЕТТІ ЖАҒДАЙ ЖАСАУ МАҢЫЗДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанда білім саласын заман талабына
сай деңгейге көтеру жөніндегі тапсырмасында бірінші кезекте оқушылардың білім алатын
ғимараттары мен сыныптар мен пән кабинеттерінің жаңғыртылып талапқа сай болуы
қажеттігі айтылды. Соған орай Түркістан облысында білім беру мекемелерін жаңадан
салу, жаңғырту, қосымша ғимараттар қосу және озық үлгідегі жабдықтармен жабдықтап,
оқушылардың білім алуына жайлы да толық жауап беретіндей деңгейге көтеру бағытында
жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді.
Түлкібас ауданының әкімі Асқар Естібаев аудан аумағындағы білім ордаларының бүгінгі
жағдайымен танысу мақсатында аудан орталығындағы Ломоносов мектеп-гимназиясы,
Пушкин мектеп лицейі, Жәрімбетов ауылындағы Асқаров және Алғабас елді мекеніндегі
жалпы орта мектептерінде болды.
Ол жерде аудан басшысы білім беру ғимараттарының жай-күйлерімен танысып, мектептің
спорт және акт залы, әжетханасы мен жылу жүйесі, кітапхана, жиһаздар мен
құрылғылардың жағдайын бақылады.
Балаларымыздың аландаусыз білім алуына жағдай жасау керектігін алға тартқан Асқар
Сұлтанұлы аралау барысында тозығы жеткен есік пен еден, жиһаздар және тағы басқа да
анықталған кемшіліктерді тездетіп ретке келтіруді мектеп директоры мен білім бөлімінің
басшысына тапсырды. Көп қаржыны талап ететін мәселелер бойынша жобалық сметалық
құжаттар әзірлеп, осы салаға жауапты басқармаға ұсынуды ескертіп, жауапты
орынбасарына құжатарды рәсімдеуге көмек беруді тапсырды.
Сонымен қатар, білім сапасын көтеру мақсатында жұмыстарды жандандыру қажеттігін
атап өтті.
Балалардың тәлімді тәрбие сапалы білім алуымен бірге, олардың жан-жақты дамуын
қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар да негізінен орта білім беру мектептерінің
қабырғасында жүргізіледі. Кәмелет жазына дейін баланың ой-өрісі, білім мен тәрбие
қабылдауы және өзінің қабілеттерін көрсету мүмкіндігі ашылып, көрінеді. Сол себепті де
балалармен білім ордасында жан-жақты жұмыстар кешенді жүргізілуі керек. Сондай
жұмыстардың бірі баланың үлкен өмірге қызығушылығы мен бейімделуіне ықпал ету,
яғни өзін өзі басқару, қоғамдық жұмыстарға белсенділігін арттыру болып табылады.
Түлкібас ауданында мектеп парламенттерінің қызметін жандандыру, оқушылардың өзін-
өзі басқару органдарының тиімді жұмыс тәжірибесін анықтау, балалар мен жасөспірімдер
қозғалысының қызметін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін жетілдіру мақс
атында «Үздік мектеп парламенті» республикалық байқауының аудандық кезеңі өтті.
Байқауға аймақтық кезеңінен өткен 15-17 жастағы белсенді парламент мүшелерінен
құралған 9 команда қатысты.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізілді:
1. Мектеп парламентінің «Біз біргеміз!» шығармашылық презентациясы.
2. Мектеп парламентінің «Жылдың үздік жобасы» презентациясын қорғау.
3. «Шексіз идеялар» бойынша ситуациялық тапсырмалар.
4. «Шығармашылықпен басқару» үй тапсырмасы.
Мектеп қауымдастығын дамытуға көмектесетін мектеп парламентінің негізгі жетістіктері
мен педагогтер, ата-аналар, серіктестер және басқа да іс-шараларға қатысушылардың оң
пікірлері , БАҚ-тағы жарияланымдар: мектеп парламентінің қызметі туралы мектеп
немесе өңірлік БАҚ-тағы мақалалар, жазбалар, репортаждар негізінде бағалау
критерийлері бойынша аудандық кезеңіне өткен аймақтық кезеңінің жеңімпаздары
1. Ж.Жамбыл атындағы ЖББМ МП, 2. Әл-Фараби атындағы ШЖЖББМ МП, 3.
Т.Әубәкіров атындағы ЖББМ МП; 1. А.Асқаров атындағы ЖББМ МП, 2. П.Шевцов
атындағы ЖББМ МП, 3. Ә.Молдағұлова атындағы ЖББМ МП; 1. М.Ломоносов атындағы
МГ МП, 2. Абай атындағы МЛ МП, 3. «Жанкент» жалпы білім беру мектебінің мектеп
парламенттерінің командалары байқаудың аудандық қатысып жүлделі орындарға ие
болды.
Мектеп парламенттерінің ең табысты жұмыс тәжірибесі мен жастардың құқықтық және
саяси мәдениетін, әлеуметтік және азаматтық белсенділігін қалыптастыру міндеттерін
орындап, байқау ережесі мен талаптарын жоғары деңгейде көрсете білген М.Ломоносов
атындағы мектеп гимназиясының мектеп парламентінің жастары облыстық кезеңге
жолдама алды.