Қазақстандағы бірінші АЭС құрылысының орны бекітілді

0
57

«Ядролық қондырғы «Атом электр станциясын» салу ауданы туралы» қаулы 2024 жылғы 30 желтоқсанда қабылданды. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

«Ядролық қондырғы «Атом электр станциясын» салу ауданы туралы шешім қабылдансын – Алматы облысының Жамбыл ауданы», — делінген құжатта.