Қазақстанда байланыс операторлары сөз байласты деген күдікке ілінді

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА) байланыс операторларының баға бойынша сөз байласуы ықтималдығына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы агенттік төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов айтты.
«Кейінгі бірнеше жылда көптеген шағым түсіп жатыр. Біз нарықты талдап, тарифтердің өсіп жатқанын көріп отырмыз. Кейінгі екі жылда барлық дерлік байланыс операторы бағаларын көтерді. Қазіргі уақытта біз сөз байласу дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатырмыз. Бізкелісілген әрекеттің белгілерін анықтадық – операторлар бір уақытта тарифтерді жылдам көтеруге кірісті. Монополияға қарсы салада бұл сөз байласу деп саналады, біз жағдайды егжей-тегжейлі зерттеп жатырмыз», — деді Сәмбетов.
Оның айтуынша, монополиялық жоғары тарифтерді белгілеген болуы мүмкін ірі операторлардың біріне қатысты жеке тергеу басталуы мүмкін.