ЕGov-та маңызды функция пайда болды

0
30

ЕGov порталында бір ЖСН-ге тіркелген мобильді нөмірлер санын тексеруге арналған жаңа функция пайда болды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Интернет-алаяқтармен күрес туралы айта келе, Мәдиев eGov-та мобильді нөмірлердің заңсыз тіркелуіне қарсы күресуге көмектесетін жаңа функция енгізілгенін хабарлады.

«ЕGov-та белгілі бір ЖСН-ге тіркелген SIM-карталар санын тексеру функциясын іске қостық. Қазір eGov-қа кіріп, өзіңіздің ЖСН-іңізді енгізу арқылы қанша мобильді нөмір тіркелгенін оңай тексере аласыз. Егер көрсетілген сандар сіздің шын мәнінде пайдаланатын нөмірлеріңізге сәйкес келмесе, дереу мобильді операторға жүгініп, бұл жағдайды анықтай аласыз», – деді Мәдиев Мәжіліс кулуарында.