Келес ауданында шегіртке зиянкесіне қарсы күрес шаралары пысықталған кезекті штаб отырысы өтті.

0
24
Мәжіліске ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін уақытша атқарушы Сакен Қаныбеков, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, Түркістан облысы Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары Жандос Күлдербаев және жергілікті тұрғындар қатысты.
ҚР АШМ агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының Түркістан облыстық аумақтық инспекцияның басшысы Нұрбол Бекмұратов Марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарының барысын баяндап, аудандарда анықталған ошақтар жөнінде мәлімдеді.
Шегіртке зиянкесіне қарсы қазіргі таңда 67,3 мың гектар зерттеліп, оның 10,8 мың гектарында дернәсілдің зиянды шегінен (ЭЗШ) асқаны анықталды. 7,1 мың гектар өңделді. Анықталған ошақтарда дәрілеу аспалы бүріккішпен жүзеге асырылуда. Ал алқаптарды дәрілеуге арнайы техникалар жұмылдырылуда.
Арыс қаласы бойынша 131,6 мың гектарды өңдеу жоспарланған, 22 секторда 381 жұмысшы химиялық өңдеуге қатысуда. Анықтаушылар саны – 450. Есепті мерзімде өңделген аумақ 2764,9 гектарды құрайды.
Келес ауданында дәріленетін аймақтың жалпы көлемі 88,6 мың гектар, 17 секторға бөлінген. 136 азамат дәрілеуді жүзеге асырса, 358 азамат ошақтарды анықтауға күш салуда. Бүгінге дейін 2176,9 гектар жер химиялық өңдеуден өтті.