Қазақстандағы жаңа шетелдік әуекомпаниялар

0
22

Қазақстан нарығына жақында ғана келген шетелдік әуекомпаниялар қайда ұшатыны белгілі болды.

Бұл туралы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті хабарлады.

«Eastar Jet» (Корея):

  • 7 сәуірден бастап Сеул – Алматы бағыты ашылды, аптасына 2 рейс;
  • биылғы жылдың көктем-жаз маусымында Пусан – Алматы бағыты ашылады, аптасына 2 рейс;«TWay» (Корея):
    • Биылғы жылдың көктем-жаз маусымында Сеул – Астана бағыты, аптасына 2 рейс;

    «Spice Jet»:

    • Биылғы жылдың көктем-жаз маусымында Дели – Алматы бағыты, аптасына 4 рейс;

    «Air Cairo» (Мысыр):

    • 3 сәуірден бастап Шарм-эль-Шейх – Қостанай бағыты ашылды, аптасына 1 рейс;
    • 13 сәуірден бастап Хургада – Алматы бағыты, аптасына 2 рейс;

    «Thai Air Asia X» (Таиланд):

    • 2025-2026 жылдардағы күз-жаз маусымында Бангкок және Пхукет қалаларынан Алматыға бағыттар жоспарланған.