Астанада әскери парад өтті

Астанадағы «Қазақ елі» монументі жанындағы Тәуелсіздік алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад ұйымдастырылды.
Парадқа 4 мыңнан астам әскери қызметкер, 200-ден аса әскери техника, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы қатысты.
Шеруге Қорғаныс министрлігі, Ұлттық ұлан, Төтенше жағдайлар министрлігі мен Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері жұмылдырылды. Әр шеру құрамында 156 әскери қызметкер сап түзеді. Парад соңында 300 музыканттан тұратын біріккен әскери оркестр дефиле жасап, шараны қорытындылады.
Парадқа Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, жауынгерлік іс-қимылдарға қатысушылар, Қазақстан Қарулы күштерінің үздік бөлімшелері, Құрмет қарауылы ротасы, Қарулы күштер мен басқа да әскер және құқық қорғау органдарының ардагерлері шақырылды.