Қазақстандық гимнаст Азия чемпионатының алтын медалін жеңіп алды

Қазақстан құрамасының өкілі Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Сингапурда өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды.
Қазақстандық гимнаст таспамен жаттығудың финалында жеңіске жетті.
Ал Айым Мейіржанова ұршықпен жаттығуда үшінші орынға көтерілді.