Иран АҚШ-пен ядролық келіссөздерден бас тартты

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш «Таяу Шығыстағы кез келген қарулы шиеленісті» айыптап, Израильдің Иранға жасаған соққылары Тегеран мен Вашингтон ядролық келіссөздерді бастайды деп күтілген уақытта жасалғанына ерекше алаңдаушылық білдірді.
Иранның мемлекеттік телеарнасы жексенбіге жоспарланған келіссөздердің өтпейтінін хабарлады.
АҚШ БАҚ-ы президент Дональд Трамптың Израильдің жоспарлары туралы білгенін, бірақ жоспарланған келіссөздерге байланысты оларға қарсы шыққанын айтты.
Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Таяу Шығыстағы шиеленісті сабырлық пен бәсеңдетуге шақырды.
Британ үкіметінің басшысы Кир Стармер алаңдаушылық білдіріп, екі тарапты сабырға шақырды.
НАТО бас хатшысы Марк Рютте болып жатқан оқиғаны «Израильдің біржақты әрекеті» деп атады және альянстың одақтастары «қазірдің өзінде деэскалация бойынша жұмыс істеп жатыр» деді.
Қытай Сыртқы істер министрлігі Израиль операциясының ықтимал «ауыр зардаптарына» терең алаңдаушылық білдірді.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков «Ресей шиеленістің күрт өсуіне алаңдаушылық білдіріп, айыптайды» деді.
Осы жағдайға байланысты әлемнің көптеген әуе компаниялары Иран мен бүкіл аймақтағы рейстерді шектеді немесе мүлдем тоқтатты .