Қазақстан мен Тәжікстан GovHR форумында мемлекеттік қызметті жаңғырту мәселелерін талқылады

0
7

GovHR форумы барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы Дархан Жазықбай Тәжікстан Республикасының Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органының басшысы Илес Идрисзода мырзамен екіжақты кездесу өткізді.

Дархан Жазықбай Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметті дамытудың 2029 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес мемлекеттік қызметті трансформациялаудың негізгі бағыттарын атап өтіп, мемлекеттік процестердің ашықтығы мен тиімділігін арттыру, сондай-ақ азаматтармен өзара іс-қимылдың сервистік-бағдарланған моделін дамыту мәселелеріне назар аударды. Бұл шаралар мемлекеттік институттардың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және ашық сервистердің деңгейін арттыруға арналған.

Кездесулер барысында тараптар кадрлық рәсімдерді автоматтандыру және персоналды басқаруда Цифрлық платформаларды қолдану және жасанды интеллектті енгізу тәжірибесімен алмасты.

Илес Идрисзода Қазақстанның кадрлық процестерді цифрландырудағы инновациялық тәжірибесіне оң бағалап, заманауи HR-шешімдерді енгізудің әдістемелік жобалары мен озық тәжірибелерімен алмасуға қызығушылық білдірді.