Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

0
5

Министрлік кейінгі уақытта АҚШ-тың Иранға жасаған әскери әрекеттері салдарынан «біздің аймақта орналасқан мемлекеттердің қауіпсіздігіне қатер төндіріп, халықаралық жағдай күрт нашарлап бара жатқанын» атап өтті.

«АҚШ-тың Иранға қарсы соңғы әскери әрекеттерінің нәтижесінде әлемнің біздің бөлігінде орналасқан мемлекеттердің қауіпсіздігі үшін қатерлі салдары бар халықаралық жағдайдың күрт нашарлауы байқалуда.

Қазақстан Каспий маңы елдерінің тобына кіреді және Иранмен түрлі салалардағы ынтымақтастықты дамытуда. Мемлекетіміз барлық келіспеушіліктерді, оның ішінде ядролық мәселелерді БҰҰ Жарғысы негізінде келіссөздер жүргізу арқылы шешу қажет деп санайды.

Барлық мүдделі елдерді ядролық қарудың таралуына жол бермеу және халықаралық бақылаумен таратпау режимін ұстанатын мемлекеттердің қауіпсіздігіне кепілдіктер беру мақсатында келісімді жақын арада әзірлеуге шақырамыз», — делінген ҚР СІМ мәлімдемесінде.