ЕАЭО елдерінің көлік министрлері стратегиялық құжаттарды дайындау барысын талқылады

0
5

26 маусымда EЭФ-2025 алаңында Еуразиялық экономикалық одақтың уәкілетті көлік органдары басшыларының кеңесі ЕАЭО елдерінің келісілген көлік саясатының негізгі бағыттары мен кезеңдерін іске асыру барысын қарады. Отырысқа ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев қатысты.

Құжат үш жылдық кезеңге арналған жол карталары негізінде жүзеге асырылады. Арзыбек Қожошев 2024 жылдың қазан айында үкімет басшылары алдағы үш жылға арналған жол картасын бекітіп қойғанын атап өтіп, осы құжаттағы іс-шаралар тізбесін кеңейту мүмкіндіктерін пысықтауды тапсырды. Келіссөздер қорытындысы бойынша жол картасын кәсіби оқыту мен дағдыларды дамыту саласындағы ынтымақтастыққа қатысты іс-шаралармен толықтыру туралы шешім қабылданды.

ЕЭК Министрі Басшылар кеңесін 2030 жылға дейін және 2045 жылға дейінгі кезеңге арналған «Еуразиялық экономикалық жол» ЕАЭО шеңберіндегі экономикалық процестерді одан әрі дамыту туралы Декларацияға сәйкес көлік-логистикалық әлеуетті қалыптастыру бойынша іске асырылатын шараларды үйлестіру нәтижелері туралы хабардар етті.

Арзыбек Қожошев Декларацияны жүзеге асырудың жол картасы жобасында 22 тетіктің 20-сы немесе 91 пайызға жуығы келісілгенін атап өтті. Әуе көлігі қызметтерін және автомобильмен жүк тасымалдауды ырықтандырудың ұзақ мерзімді перспективаларына қатысты екі мәселе бойынша түбегейлі келіспеушіліктер сақталуда.

Отырыста Еуразиялық көлік дәліздерін дамытудың Кешенді жоспарының орындалу барысы, атап айтқанда, Еуразиялық көлік дәліздерінің жекелеген учаскелерін дамыту, «кедергілерді» анықтау және жою бойынша іске асырылып жатқан шаралар қаралды.

Цифрлық күн тәртібі тұрғысында көліктегі цифрландыру, жоғары автоматтандырылған ұшқышсыз және автономды көлік құралдарын пайдалану, ЕАЭО сыртқы шекарасында көліктік (автомобильдік) бақылауды ақпараттық қамтамасыз ету, атап айтқанда, №46 жалпы процесс шеңберінде технологиялық сынақтан өткізуге ұлттық жүйелердің дайындық дәрежесі және оларды интеграцияланған форматта өнеркәсіптік пайдалануға енгізу мәселелері қаралды. Оның негізгі мақсаты – Одақтың сыртқы шекарасынан өтетін жүк көліктерінің көліктік бақылау рәсімдерін жетілдіру. Бұл процесті жүзеге асыру ЕАЭО-ға кіру кезінде жүк ағындарын бақылауға жауапты ұлттық уәкілетті органдар қызметінің тиімділігін арттыруы тиіс.

Отырысқа қатысушылар халықаралық платформалар аясында: Қазақстан Республикасындағы көлік апталығы аясында, Санкт-Петербургтегі Халықаралық көлік және логистикалық форумда, сондай-ақ Женевадағы БҰҰ штаб-пәтерінде өтетін Еуразия күндерінде көлік саласындағы іс-шаралар кестесін талқылады.

Минскіде өтіп жатқан іс-шаралар аясында Мемлекеттер басшылары кеңесінің мүшелері Еуразиялық экономикалық форумның панельдік сессияларына қатысты.