Тәжікстанда жаңа су электр станциясы іске қосылды

0
6

Жаңа су электр станциясының іске қосылуымен Тәжікстанның 220 мың тұрғыны электр қуатына қол жеткізеді деп күтілуде.
Бүгін Тәжікстанның Рошткала ауданында Себзор су электр станциясы іске қосылды.
Салтанатты іске қосу рәсіміне ел президенті Эмомали Рахмон қатысты, деп хабарлайды Тәжікстан басшысының баспасөз қызметі.
Энергетика саласының негізгі құрылымына өндірістік қуаты 11 МВт құрайтын 3 блок кіреді.
Нысан республиканың 220 мың тұрғынына электр қуатын алуға мүмкіндік береді және бұл өз кезегінде әлеуметтік-экономикалық саланың дамуына септігін тигізеді.
Себзор су электр станциясының бірінші блогы мамыр айында іске қосылуға дайындала бастады.
Таулы Бадахшан автономиялық облысының Роштқала ауданына жұмыс сапары барысында Тәжікстанның Энергетика және су ресурстары министрі Далер Жұма құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
Электр станциясының бөгетінің биіктігі 8,5 метр, ұзындығы 65 метр, ал оның су қоймасының көлемі 250 мың текше метр болады.
Бұл нысан жергілікті халықты тұрақты түрде электр энергиясымен қамтамасыз етіп қана қоймай, өңірдің экономикалық және әлеуметтік даму мүмкіндіктерін де айтарлықтай арттырады.