Израиль Дамаскінің орталығына соққы берді

0
9

Израиль қорғаныс күштері Сирияның әскери нысандарына жасалған соңғы әуе шабуылының бейнежазбасын жариялады.
Израиль әскерилері Сирияның оңтүстігіндегі друздар көп тұратын Сувейда қаласына қарай бет алған сириялық танктерге, зымыран тасығыштарға және пулеметтер орнатылған пикаптарға соңғы 24 сағат ішінде шабуыл жасалғанын хабарлады.

«Израиль армиясы Сирияның оңтүстігіндегі Сирия режимінің әскери нысандарын нысанаға алуды жалғастыруда. Соңғы 24 сағат ішінде ИСД ұшақтары Сирияның оңтүстігіндегі Сувейда аймағына қарай алға жылжып келе жатқан танктерге, зымыран тасығыштарға, қару-жарақ пен ауыр пулеметтермен жабдықталған пикаптарға шабуыл жасады және шабуыл жасауды жалғастыруда. Сонымен қатар, аймақтағы бақылау-өткізу пункттеріне баратын жолдарға да шабуыл жасалды. Израиль қорғаныс күштері елдің оңтүстігіндегі друзиялық бейбіт тұрғындарға қарсы оқиғалар мен әрекеттерді бақылауды жалғастыруда», — делінген ЦАХАЛ мәлімдемесінде.

Бұған дейін Израиль Сирияның Дамаскідегі әскери штабына ұшқышсыз ұшақпен соққы жасағанын хабарланған болатын. Сириялық БАҚ соның салдарынан екі бейбіт тұрғынның жараланғанын хабарлады. Израиль армиясының баспасөз хатшысы мәлімдемесінде Израиль армиясының Дамаскідегі Сирия режимінің бас штабының ғимаратына шабуыл жасағанын айтты.
Израиль армиясы Сириямен шекарада, шекаралық қоршау аймағында күштерін арттыратынын хабарлады. Бұл шара друздар көп тұратын Свейда қаласындағы өлімге әкелген қақтығыстар тұсында және бір күн бұрын израильдік друз тұрғындары наразылық ретінде Сирияға қысқаша өтіп кеткеннен кейін жасалды.

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху видео үндеу жариялап, друз қауымдастығын Сирия режимінің шабуылына ұшыраған бауырларын құтқару үшін Сирияға өтпеуге шақырды.

«Құрметті отандастарым, Израиль азаматтары, Свейдадағы жағдай, Сирияның оңтүстік-батысындағы жағдай өте ауыр. Израиль қорғаныс күштері жұмыс істеп жатыр, әуе күштері жұмыс істейді, басқа күштер жұмыс істеуде. Біз друз бауырларымызды құтқару және режимнің бандаларын жою үшін жұмыс істеп жатырмыз»,- деді Нетаньяху.