Еуроодақ пен АҚШ Украина президентін сынға алды

0
8

Украинада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (НАБУ) мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы прокуратураның (САП) қызметін шектейтін жаңа заңға қарсы жаппай наразылықтар жалғасуда. Ел билігі Еуроодақтың жемқорлықпен күресу жөніндегі талаптарына жауап беретін жаңа заң енгізуге уәде берді.

Соңғы үш жылда Еуропалық Одақ Киевке қаржылық және әскери қолдау көрсетті, Украинаны оқ-дәрілер мен қару-жарақпен қамтамасыз етуге көмектесті, энергетикалық қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтасады және босқындарды уақытша қорғауды қамтамасыз етті. ЕО-ның жеті жылдық бюджетінде Украинаға елді ұзақ мерзімді қалпына келтіруге көмектесу үшін 100 миллиард еуро көлемінде арнайы құрылған қор қарастырылған. Бірақ осы аптада Еурокомиссия Украинаның жаңа заңын қатаң сынға алды.
Келесі күні Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Леяен Владимир Зеленскийге телефон соғып, даулы заңнамаға қатысты түсініктеме беруді талап етті. Телефон қоңырауынан бірнеше сағат өткен соң Зеленский «заң үстемдігі жүйесінің беріктігін қамтамасыз ету» үшін жаңа заң жобасын енгізуге уәде берді.
АҚШ сенаторлары – республикашыл Линдси Грэм және Сенаттың сыртқы байланыстар комитетінің мүшесі әрі Демократиялық партия өкілі Джин Шахин  сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктерді әлсірететін заңды Жоғарғы Рада қабылдағаннан кейін өткір мәлімдеме жасады. Олар бұл ел ішінде де, халықаралық серіктестер арасында да сенімге нұқсан келтіруі мүмкін деп ескертті.
Сенаторлар сыбайлас жемқорлық Украинаны одан әрі қолдауға қарсылардың негізгі аргументтерінің бірі болып қала беретінін, сондықтан биліктің әрекеті мүмкіндігінше теңгерімді болуы керектігін атап өтті. Олар сыбайлас жемқорлықпен күрестегі ілгерілеушілікті мойындайтынын жеткізіп, бірақ Киевті осы жетістіктерге нұқсан келтіретін қадамдардан бас тартуға шақырды.

22 шілдеде Жоғарғы Рада Украинаның Қылмыстық-процестік кодексіне әскери жағдай кезінде ерекше жағдайларда хабар-ошарсыз кеткен адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруге қатысты НАБУ және САП тәуелсіздігін шектейтін түзетулер енгізу туралы заң қабылдады. Кейбір саясаткерлер, қоғам қайраткерлері мен Еуроодақ өкілдері бұл заңды сынға алды. Кеңейту жөніндегі Еуропалық комиссар Марта Кос заңның қабылдануын «кері қарай елеулі қадам» деп атап, НАБУ мен САП тәуелсіздігі Украинаның еуропалық интеграциясының кілті екенін атап өтті. Заң жобасының қабылдануы қоғамды дүрліктірді. Шілденің 22-сі мен 23-і күндері кешке Киев пен Украинаның басқа да қалаларында ауқымды наразылық шерулері өтті.
Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдарының тәуелсіздігін шектеу Украинаның Еуроодаққа өту жолына кедергі келтіреді. Мен Украинадан сыбайлас жемқорлықпен күресті дәйекті түрде жалғастырады деп күтемін, деп жазды Германия сыртқы істер министрі Иоганн Вадефуль әлеуметтік желіде.

Ол Украинаның өмір сүруіне қауіп төндіретін ұзаққа созылған қақтығыс заң үстемдігі реформаларын қиындатып, сыбайлас жемқорлыққа жаңа мүмкіндіктер тудыратынын ащы шындық деп атады. «Украинаның болашағы сыртқы майдандағы қорғаныс пен ел ішіндегі сыбайлас жемқорлықпен күресуге байланысты», — деп атап өтті Роттген. Transparency International ұйымының сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінде Украина 2024 жылы 180 елдің ішінде 105-ші орынға ие болды.

Зеленский сейсенбі күні кешке сөйлеген сөзінде украиналықтарды екі агенттікке де нұқсан келтіргісі келмейтініне сендірді және өзгертулер оларды Ресей ықпалынан қорғау үшін қажет екенін айтты. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы инфрақұрылым жұмыс істейді, бірақ Ресейдің ықпалынсыз — оны одан тазарту керек. Және әділеттілік көбірек болуы керек», — деп жазды ол желіде.

Зеленский де, оның қуатты аппарат басшысы Андрей Ермак да Мәскеудің екі агенттікке қалай әсер еткенін нақты көрсетпеді.