Молдовада үкіметке қарсы шерулер өтті

0
12

27 шілдеде Молдованың Тараклия қаласында республика премьер-министрі Дорин Речанның сапарына байланысты үкіметке қарсы наразылық өтті.
«Бүгін Речанның Тараклияға сапары аясында жергілікті тұрғындар оның бұл елді мекенде болуына мүлдем қарсылық танытты. Жергілікті тұрғындар бүгінде үкімет жүргізіп жатқан саясатпен келіспейтінін білдіруде», — деді «Победа» блогының өкілі Юрий Витнянский.

Сондай-ақ, акцияға тұрғындардың көбі «Үкіметке ұят», «Речан газды біздің қалтамыздан төлейді» деген жазуы бар сыпырғыштары мен баннерлерімен келді.

Наразылық акциясы кезінде оппозициялық «Победа» блогының өкілдері ұсталғаны, олардың арасында «Шанс» партиясының жетекшісі Алексей Лунгу, белсенділер Александр Панов пен Иван Гуччи бар екені атап өтілді.

Сондай-ақ, наразылық білдірушілердің айтуынша, полиция көрші аудандардан Тараклияға митингке қатысуға келуге кедергі келтірген.

Журналист Константин Светличный Тараклиядағы наразылық акциясы кезінде өзіне жасалған шабуыл туралы хабарлады. Тәуелсіз баспасөзге бұл шараға қатысуға рұқсат етілмеді, ал үкіметшіл «Молдова 1» телеарнасы шараға қатысты.
Адамдар Речанмен кездесуге рұқсат бермегеніне наразылық білдірді. Олар мұны жергілікті полицейлер емес, бейтаныс біреулер жасағанын айтуда. «Қорқақтар!» – деп ұрандатты жұрт.
Адамдардан жасырынып, Речан «таңдаулы» Тараклия тұрғындарымен кездесу орнын тастап кетті. Олар «Речан жоғал!» деп айқайлады.
Полиция шерушілерге премьер-министрмен кездесуге рұқсат бермеді.
Тараклия халқы Речан мен оның «күзетшілерінің» адамдарға деген көзқарасына наразы, өйткені олар тіпті күш қолдануға рұқсат берді. Сондай-ақ, наразылық білдірушілердің айтуынша, полиция көрші аудандардан Тараклияға митингке қатысуға келуге кедергі келтірген.
Шілденің 26-сы күні Кишиневте «Социалистік», «Коммунистік», «Молдова жүрегі» және «Молдованың болашағы» партияларының жақтастары Молдова президенті Майя Санду билігіне наразылық білдіруге шықты. Социалистік партияның төрағасы, Молдованың бұрынғы президенті Игорь Додон Кишинев көшелеріне 10 мыңнан астам адам шыққанын атап өтті.