Израиль армиясы Газа секторында күнделікті гуманитарлық үзіліс жариялады

Израиль қорғаныс күштері 27 шілдеден бастап Газа секторындағы ұрыс қимылдарына күн сайынғы гуманитарлық үзіліс бастайды. Бұл туралы Израильдің қорғаныс күштері Telegram-каналындағы ресми мәлімдемесінде айтылған.
«Саяси басшылықтың нұсқауларына сәйкес және COGAT бөлімшесі үйлестіретін Израиль қорғаныс күштерінің (IDF) Газа секторына гуманитарлық көмек көлемін ұлғайту бойынша жүргізіліп жатқан күш-жігерінің бір бөлігі ретінде бүгіннен бастап (жексенбі) жалпы сағат 10:00-ден бастап гуманитарлық мақсаттағы жауынгерлік операцияларға жергілікті тактикалық үзіліс енгізіледі.
Үзіліс Израиль армиясы операция жүргізбейтін аймақтарға, атап айтқанда әл-Маваси, Дейр әл-Балах және Газаға қатысты болады. Бұл шешім Біріккен Ұлттар Ұйымы және халықаралық гуманитарлық ұйымдармен келіссөздерден кейін қабылданды.
«Сонымен қатар, Газа секторындағы бейбіт тұрғындарға азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізіп, тарататын Біріккен Ұлттар Ұйымы мен гуманитарлық конвойлардың қозғалысы үшін күн сайын сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін арнайы белгіленген қауіпсіз бағыттар жұмыс істейді», — делінген хабарламада.
Израиль қорғаныс күштері қажет болған жағдайда гуманитарлық қызмет ауқымын кеңейтуге дайын екені атап өтілді.
Израиль армиясы 26 шілдеде Палестиналық Хамас қозғалысының тұрғындар арасындағы аштық туралы қауесеттерін жоққа шығару үшін Газа секторының тұрғындарына әуеден гуманитарлық көмек жіберуді қайта бастағанын хабарлады. Израиль сондай-ақ гуманитарлық көмектің әуе тасымалына қоса, жүк пен дәрі-дәрмекпен БҰҰ конвойларының қауіпсіз қозғалысы үшін дәліздердің ұйымдастырылатынын түсіндірді.
Израильдің айтуынша, Газа секторында ашаршылық жоқ, бірақ азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі бар. Осыған қарамастан, Израиль, БҰҰ-ны Газа секторына гуманитарлық көмек тиелген 900 жүк көлігін жіберуге көндіруге тырысуда.