Әзірбайжанда инновациялық орталық құрылады

0
172

Ағымдағы жылдың соңына дейін Гянджа инновациялық орталығын, сондай-ақ Нахчыван мемлекеттік университетінде прототип жасау зертханасын ашу жоспарлануда.

Бұл туралы Әзірбайжанның Цифрлық даму және көлік министрінің орынбасары Самир Мамедов өңірлерде жүзеге асырылып жатқан инновациялық бағдарламаның тұсаукесерінің қорытынды күнінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, бағдарламаның мақсаты – тек Бакуде ғана емес, өңірлерде де стартап экожүйесін дамыту, инфрақұрылымды, қаржылық мүмкіндіктерді, адами капиталды және технологиялық қауымдастықты нығайтуға қолдау көрсету.

«Өңірлерде инновациялық белсенділікті кеңейту жастардың кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыруға және соның нәтижесінде әр өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық өсуге ықпал етеді. Дәл осыған орай өңірлерде жүзеге асырылып жатқан «Инностарт», «4ü1arada» (төртеуі бір) және «ecomX» электронды коммерцияны дамытуға бағытталғанын атап өтті.

Министрдің орынбасары «ecomX» жобасына Гянджа, Лэнкаран, Сумгаит және көршілес облыстардың 500-ден астам тұрғыны қатысқанын ерекше атап өтті.

«Жоба аясында электронды коммерция бойынша білім беру және инкубациялық бағдарлама жүргізіліп, 15 жаңа электрондық коммерция платформасы құрылды. Бағдарлама соңында өткен «Demo Day» іс-шарасында командаларға жалпы сомасы 30 000 манат ақшалай сыйлықтар табыс етілді», — деп қосты Мамедов.

Сондай-ақ ол «4ü1arada» жобасы аясындағы оқыту және тәлімгерлік бағдарламасы 32 стартаптың құрылуына әкеліп соқтырғанын, олардың дамуына Губа мен Исмайыллы қалаларында ұйымдастырылған лагерьлерде қолдау көрсетілгенін айтты.