Стамбул полициясы базардан 30 миллион долларлық асыл тастар мен көне бұйымдарды тәркіледі

0
105

Стамбул полициясы алмаз контрабандасына қатысты тергеу аясында жергілікті Үлкен базарда жүргізген рейд кезінде 30 миллион долларлық зергерлік бұйымдар мен антиквариат тәркіледі, деп хабарлайды ABC 27 тамызда.

«Операция Түркияға асыл тастарды контрабандалық жолмен әкелген 10 күдікті ұсталғаннан кейін басталды», — делінген хабарламада. Телеарнаның хабарлауынша, полиция 15 ғасырдағы жабық базардағы 23 сауда нүктесін тінтіп, тағы 40 адамды тұтқындаған.

Полицейлер құны 30,5 миллион доллар тұратын 135-ке жуық зергерлік бұйымдарды, 1132 құйма асыл металдарды және 267 тарихи жәдігерді тәркілеген. Сондай-ақ атыс қаруы мен цифрлық материалдар тәркіленді.

ABC арнасының хабарлауынша, Үлкен базар мыңдаған шағын дүкендердің үйі болып табылатын Түркиядағы туристік орындардың бірі. Оны Сұлтан Мехмед II қаланы Византия империясынан қайтарып алғаннан кейін көп ұзамай құрды.