Өзбекстанда алтын өндіру 118 тоннаға дейін артады

0
71

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 15 қыркүйекте Ташкент облысының Бостанлық ауданында ұстаздар қауымымен кездесуінде минералды шикізат, оның ішінде алтын мен уран өндіру көлемінің айтарлықтай артқанын атап өтті.

«Геологиялық барлауға жаңа тәсілдердің енгізілуіне байланысты жылдық алтын өндіру көлемі артты: 2016 жылы олар 86 тоннаны құраса, ағымдағы жылдың соңына қарай 118 тоннаға дейін өседі деп күтілуде. Дәл осы кезеңде уран өндіру көлемі де екі есеге артты», — деді Мемлекет басшысы Өзбекстан телеарнасындағы сюжетте.

Бұған дейін ол Қарақалпақстандағы Үстірт өңірінде рекордтық тереңдікте 6,5 шақырым болатын «өте үлкен газ кен орнының» табылғаны туралы хабарлаған болатын.

Дүниежүзілік алтын кеңесінің мәліметі бойынша Өзбекстан 2024 жылы 129,1 тонна (2023 жылы 119,6 тонна) алтын өндіріп, өндіріс көлемі бойынша әлемде 10-шы орында тұр.

Еске салайық, биылғы жылдың алғашқы жеті айында Өзбекстан алтын экспортын 7,6 миллиард долларға дейін арттырды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 есеге көп. Бағалы металл елдің жалпы экспортының 38%-ға жуығын құрады.

Дүние жүзінде алтын өндіру бойынша төртінші компания болып табылатын Навои тау-кен металлургиялық комбинаты 2024 жылы алтын өндіруді 3,10 миллион трой унцияға (96,4 тонна) дейін ұлғайтты, бұл 2023 жылмен салыстырғанда (2,94 миллион унция/91,4 тонна) 5,4%-ға көп, бұған жаңа барлау мен өндіруді іске қосу арқылы қол жеткізілді.

Өзбекстанда Науаи тау-кен металлургия комбинатынан басқа, Алмалық тау-кен металлургия комбинаты және басқа да шағын компаниялар алтын өндіреді.